Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

" Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өтті.

22.04.2021
Просмотров: 46
Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында 4- сынып оқушылары арасында " Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өз деңгейінде өтті. Байқау жеңімпаздары 4 "Б"сынып оқушысы Мұратқызы Нұрай, 4 "Г" сынып оқушысы Рахимжан Ілияс сынып жетекшісі Оралды Алтынай және 4 "Ә"сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Нұрислам сынып жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтаевна жүлделі 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Толығырақ >>

"Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.

22.04.2021
Просмотров: 51
Жаратылыстану бірлестігі апталығы аясында ұйымдастырылған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің География пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Еуразия ұлттық университеті География кафедрасының профессоры, ғалым Сапаров Қуат Табылдыұлы "Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Мектеп оқушылары "Топономика зерттеу нысаны" туралы көп мәлімет алды, бұрыңғы көне атаулардың шығу тегі, атауын біліп, білімдерін жетілдірді. (Петропавл-Қызылжар, Павлодар-Кереку т.б.)<br
Толығырақ >>

Мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары және ЕҰУ-нің студенттері арасында "Химиялық элемент, ашылуы, тарихы" тақырыбында жарыс өтті.

21.04.2021
Просмотров: 44
21.04.2021 күні 7, 8, 9 сынып оқушыларымен химия пәнінен сыныптан тыс іс- шара, Евразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірлесіп өтті. Окушыларды 2 топқа бөліп, жарыс түрінде өтті.  1 топ басшысы 7А сынып оқушысы Амзеева Нұрсипат, 2 топ басшысы 8Г сынып оқушысы Амалбек Ақерке болды. Осы жарыста 1 топ жеңді 90 балл жинап, ал 2 топ 50 балл жинады. Жарыс онлайн болды. Барлығы 35 оқушы қатысты. Окушыларға қызықты болды. Осындай Евразия Ұлттық  университеті мен мектеп арасындығы бірлескен жұмыс жалғасуда.
Толығырақ >>

"Сәкен Сейфуллин мұражайына саяхат" жасалды.

21.04.2021
Просмотров: 50
Бүгін 7-сыныптармен "Сәкен Сейфуллин мұражайына саяхат" жасалды. Ата-аналар тарапынан қолдау тауып оқушылар сағат 10:00-12:00 аралығында мұражайға барып келді. Сәкен Сейфуллиннің Қазақ халқына сіңірген еңбегі зор, (Киргиз) деген атауды Қазақ деген атауға қайтарып берді. Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, балалар өз көздірмен көріп, танысып, ұғынсын деген мақсатта мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Бабаларымыз ұлт азаттық жолында өз жандарын құрбан етті.
Толығырақ >>

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйіне онлайн саяхат

20.04.2021
Просмотров: 37
19-29 сәуір аралығында Жаратылыстану апталығы аясында 20.04.21 ж. "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйіне онлайн саяхат" 7 "Е" сыныбымен және ұстаздармен  14:30-15:00 аралығында Зум платоформасымен ұйымдастылды. Оқушылар құнды мәліметтер алып, Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы және шығармаларымен танысты, ұлт ұстазының қазақ халқына сіңірген еңбегі көп! Ұйымдастырушы Нұрлыбек Амандықұлы.
Толығырақ >>

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 19 сәуір күні мектеп директоры 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

20.04.2021
Просмотров: 44
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 19 сәуір күні мектеп директоры 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Зауре Жақанқызы кездесу барысында мектеп ережелері, оқушылардың тәртіп сақтауы, қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережелері туралы айтты. Оқушылар өздерінің сұрақтарына жауап алып, тың мәліметтерге ие болды.
Толығырақ >>

"Әдемі жазу да-өнер" көркем жазу сайысы өткізілді.

19.04.2021
Просмотров: 38
19 сәуір күні "Білімді ұстаздан-талантты оқушыға" атты бастауыш әдістемелік бірлестігі апталығы аясында  №48 мектеп-лицейінің  1 сынып оқушыларымен әріп таңбасын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында  "Әдемі жазу да-өнер" көркем жазу сайысы өткізілді.
Толығырақ >>

№48 мектеп-лицейдің ер азаматтары ұжымы 16 сәуір күні сенбілікке шықты.

17.04.2021
Просмотров: 32
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің ер азаматтары ұжымы 16 сәуір күні сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, мектеп ұжымы мектеп ауласында көктемгі ағаштардың түбін қопарып, жер аудару сынды жұмыстарын жүргізді. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді мектеп қызметкерлері. – Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Атсалысқан барша ер
Толығырақ >>

Марапаттау салтанаты

17.03.2021
Просмотров: 68
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп – лицейінде қалалық пән олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Мектебіміздің дарынды оқушылары 2020-2021 оқу жылындағы пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті.  Аудандық олимпиадада 31 оқушы жетістікке жетсе, қалалық пән олимпиадасында 15 оқушы жетістікке жетті. Ағылшын тілі пәні жеңімпазы 10 сынып оқушысы Сардар Нұрайым 1 орын иеленіп,  республикалық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Пән мұғалімі Есетова Тамара Қусмановнаға алғыс айтамыз!
Толығырақ >>

"Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" жалпы республикалық "Адалдық сағаты"

16.03.2021
Просмотров: 39
А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде “Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай адалдық сынып сағаттары өтті. Сынып сағаты барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты. Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі.
Толығырақ >>

Басты мәзір

Сілтемелер













  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)