Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыттырдың бірі

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру- қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті педегог мамандарды қалыптастыру білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Ақпараттық құзыреттілік- бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.  

Білім алушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері.  Оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – білім алушыларға ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

    Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияларының  бағыттары:

  • электронды оқулықтар;
  • телекоммуникациялық технологиялар;
  • мультимедиалық және гипер мәтіндік технологиялар;
  • қашықтан оқыту (басқару).
  • Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қояды:
  • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру;
  • Әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
  • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
  • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалықсайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипер мәтіндік технологиялар).
  • Қашықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Оқыту құралдарының біріне тоқталсақ-электрондық оқулық. Ол білім алушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі- компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану білім алушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы білім алушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі болып табылады.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, білім алушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Білім алушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

        Педагог үшін нәтижеге жету білім алушысының білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Білім алушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

            Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде:

- білім беру үдерісін цифрландыру;

- цифрлық білім беру контент;

- білім беруді басқаруды цифрландыру.

Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Онлайн оқытулар мен виртуалды зертханалар әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарасы болуын қамтамасыз етеді. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналуы тиіс. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық платформа құру мақсатында «Цифрлік Қазақстан -2020» Елбасы ұсынған бағдарламаны жүзеге асырудамыз.

     ХХІ ғасырдың икемділігі мен құзыреттілігіне келсек, олар бастауыш мектептен бастап барлық білім беру қызметінде қалыптастырылуы керек. Білім беруді цифрландыруды, атап айтқанда жалпы білім беру жүйесінің іске асуының кейбір аспектілеріне тоқталатын болсақ, онлайн-ресурстарын құру және пайдалану үдерісі белсенді түрде жүргізілуде. Онлайн курстардың бірыңғай платформасы - баршаға ақпараттық ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда шешімдер қабылдауға, бір сөзбен айтқанда,

ХХІ ғасырдағы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.       Мектеп өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады. Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер, вебинарлар. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау болып табылады.

     Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау. 

Білім беру саласы – бәрі­міз үшін өте маңызды та­қырып. Ұлттың болашағы бі­лім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақ­тың қолында екені айтпаса да тү­сінік­ті. Бүгінгі таңда «Цифрлы    

     Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда:

- 4-сыныптарға арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінде  алдымен жаңартылған мазмұнда білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифр­лы құрылғылар және олар­дың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру, бі­лім алушылардың әртүрлі қолданбалы бағдарламаларды қол­дану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ интернет желісінде жұмыс істеуге дағ­дыландыру қарастырылған. «Ақпараттық-коммуникациялық технология­лар» пәнін оқыту барысында көзделген басты мақсат – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдыларын дамыту, робот техника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету. Жоғарыда айтып өткендей, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні 2018-2019 оқу жылында 3-сыныптың оқу жоспарына енгізілді, 2019-2020 оқу жылында 4-сыныпқа, 2020-2021 оқу жылында 1-2 сыныптарға енгізілуі жоспарланған болатын.

- Электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі еліміздің барлық мектептерінде енгізілген. Кез келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалай алады. Бар­лық мектеп жүйеге құпия сөз және логин арқылы кіреді. Әр оқу жылына бір рет сабақ кестесі бекітіліп, автоматты түрде бар­лық тоқсанға қойылады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күн­­делігіне түседі. Жүйеде үйге бе­рілген тапсырма да көрініп тұрады. «Базалық цифрлы дағдыларға» персоналдық компьютер мен ноутбукты, мобильдік құрыл­ғылар мен интернет желісін қолдануды жатқызуға болады. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» дағдысы бойынша үйден шықпай «онлайн» элек­трондық мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі бар. Мектепке оқушыларды қабылдауға, басқа мектепке ауысуға  байланысты өтініштерді ата-ана онлайн бере алады. Жоғалтып алған құжаттардың дубликатын беру үшін де  мемлекеттік қызмет «онлайн»түрде көрсетіледі.

 Қорыта айтқанда, білім беру жүйесін цифрландыру арқылы  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  тиімді қолдана білу қажет. Мұғалім үшін сапалы білім беруге жеткізер жол. Білім алушылардың  жан-жақты бәсекеге қаблетті «тұлға» болып қалыптасуына тигізер үлесі зор. Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады, сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

 

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер













  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png