Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

«Шахмат» үйірмесі 

Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын зияткерлік спорт түрі. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.

Шахмат – бұл тек ойын емес, балаларға көп қуаныш, ләззат сыйлайтын, ой санасының жетілуіне өте пайдалы құрал. Шахмат ойынын оқытудың бастапқы даму үдерісі балалардың даму қабілеттіліктеріне деген кеңістікті қалыптастыру, аналитикалық-синтездік қызметті, бағдарлау зейінін, ой-пікір қорытындысын қалыптастырып, баланы есінде сақтауға, салыстыруға, жинақтауға, өз қызметінің нәтижесін алдын ала болжауға, қажымаушылық, зейінділік, шыдамдылық, дербестік, икемділік, жинақылық, тапқырлық және т.б сияқты бағалы қасиеттерді қалыптастыруға үйретеді және көмектеседі.

Шахмат ойынын үйретудің мақсаты мектеп оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына жағдайлар жасау, жалпы мәдениетті қалыптастыру және шахмат ойынын үйрету арқылы мағыналы уақыттарды ұйымдастыру болып табылады.

Шахмат  үйірмесінің  жетекшісі  - Исаев  Сержан  Іздашұлы, Дойбыдан ҚР спорт шебері  

Үйірмеге қатысушылар  қазіргі уақытқа дейін шахматтан және дойбыдан бірнеше қалалық  жарыстарға қатысып төмендегідей нәтиже көсетті:

1) Астана қаласының мектеп командалары арасында «Зияткерлік триатлон» (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) болып өтті. Турнир №48 мектеп-лицей базасында өтті. Жарыстың бас хатшысы - Астаналық  дойбы мектебінің  мүшесі, спорт шебері  Исаев Сержан.

Турнирге жалпы саны 12 мектеп қатысып, нәтижесінде №48 мектеп-лицей командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Команда құрамы Арымбек Жарқын,  Жұмашев Алихан, Сайлау Әмина.

Аталған турнир жайлы Вечерняя Астана республикалық қоғамдық-саяси  газетінде жарық көрді.           






2) 2020 жылдың 21 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында Шахматтан Онлайн Турнир болып өтті. Аталған турнирде А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей атынан  Жұмабек Мадина Асетқызы ІІІ-орын иеленіп арнайы медаль, диплом, естелік және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.. Ал Сержан Қайсар Айдынұлы, Бердіқожа Дінмұхаммед, Адильбеков Мажит Ринатовичбелсене қатысып мол тәжірибе жинақтады. Аталған турнир  Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт бақармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бұқаралық-спорттық шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтілді. Аталған онлайн турнир Elorda-sport сайтында жарық көрді және Хабар-24 арнасында көрсетілді (https://www.instagram.com/tv/CISzrkeJAwa/?igshid=13t66rzvup46)

 

3) 2020 жылдың 19-20 қараша күндері ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында Дойбыдан Онлайн Турнир болып өтті. Аталған турнирде А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей атынан Сайлау Әмина Ерғанатқызы жүлделі І-орын, Барлықбай Арыстай ІІІ-орын, Махмутова Адия Азаматқызы ІІ-орын, Серіков Ернұр Ерболұлы ІІ-орын иеленіп арнайы медаль, диплом, естелік және бағалы сыйлықтармен  марапатталды. Ал Арымбек Жарқын, Серікбай Шахназар, Оспанов Нариман Дастанұлы, Қадырбек Шахмардан, Қадырбек Бекарыс белсене қатысып мол тәжірибе жинақтады. Аталған турнир  Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт бақармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бұқаралық-спорттық шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтілді. Аталған онлайн турнир Elorda-sport сайтында жарық көрді және Хабар-24 арнасында көрсетілді (https://www.instagram.com/tv/CISzrkeJAwa/?igshid=13t66rzvup46)





       4) 2020 жылдың 25-26 қараша күндері  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған  Нұр-Сұлтан қаласының 1-4 сынып мектеп оқушылары арасында Дойбыдан Қалалық Онлайн Турнир болып өтті.  Аталған турнир «Шығыс» Балалар  мен Жасөспірімдер орталығы мен қалалық дойбы федерациясының қолдауымен өтілді.

Аталған турнирде А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей атынан Серікбай Шахназар, Қадырбек Шахмардан, Серік Асыл белсенділік танытқаны үшін мадақтамаға (грамота) ие болып, Оспанов Нариман Дастанұлы мен Қадырбек Бекарыс  белсене қатысып мол тәжірибе жинақтады.

5) Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жасөспірімдер арасында Шахматтан Турнирде Бақытжан Парасат І орын және Бақытжан Санжар І орын иеленіп Диплом, медаль иеленді

 

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер













  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png