Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

 

Озық тәжірибе

№48 мектеп-лицей директоры Садықова Зәуре Жақанқызының "Жетістіктер мектебі" авторлық бағдарламасы

(2012 жылы қазан айында республикалық "Ең үздік авторлық бағдарлама" конкурсында жүлделі ІІІ орынды иеленді.)  «Жетістіктер мектебі» (мектептің даму бағдарламасы) Астанақаласының Білім басқармасының № 48 мектеп-лицейдің 2010 ж. қараша айында педагогикалық кеңесте бекітілді. Астанақаласының Білім басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы  № 483 бұйрығы негізінде «Жетістіктер мектебі» бағдарламасы эксперименталды алаң ретінде бекітілді. Мектептің соңғы жылдар жұмысының талдауы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруында біртұтастық жоқ екені, балалармен атқарылатын жұмыстарда жүйе жоқтылығы бір жақтылыққа әкелетіні белгіленді. Оқушылар мен ата-аналары үшін жақсы баға алу мақсатқа айналған, ал көп жағдайларда ол білімнің нашарлауына әкеліп соғатынын ойламайды (осы мәселе негізінде өткізілген диагностикалар оқушылардың білімінде мін бар екенін көрсетті).

«Жетістіктер мектебі» (мектептіңдаму бағдарламасы) Астанақаласының Білімбасқармасының № 48 мектеп-лицейдің 2010 ж.  қараша  айында  педагогикалық кеңесте бекітілді. Астанақаласының Білім басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы  № 483 бұйрығы негізінде «Жетістіктер мектебі» бағдарламасы эксперименталды алаң ретінде бекітілді. Мектептің соңғы жылдар жұмысының талдауы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруында біртұтастық жоқ екені, балалармен атқарылатын жұмыстарда жүйе жоқтылығы бір жақтылыққа әкелетіні белгіленді. Оқушылар мен ата-аналары үшін жақсы баға алу мақсатқа айналған, ал көп жағдайларда ол білімнің нашарлауына әкеліп соғатынын ойламайды (осы мәселе негізінде өткізілген диагностикалар оқушылардың білімінде мін бар екенін көрсетті).Білім алуда баланың танымдық қызметіне ынтасы болмағандығы, оқушылар арасында рейтинг шығарылмағандығы, білімдерінің мониторингі шығарылып отырмағандығы, мектептің негізгі қызмет көрсеткіші – осының бәрі нәтижеге бағытталған жетістіктердің жойылуына әкеледі.Осы проблемаларды зерттей келе 2011-2012 оқу жылынан бастап, мектеп қала көлемінде 5 жылға жоспарланған «Жетістіктер мектебі» тәжірибесін (даму бағдарламасы) бастады. Дайындық кезеңі  2010-2011 оқу жылынан бастап, авторитарлық жолдан менеджментке дейін: ұстаздардың бастапқы жұмысқа басқару құралымы өзгертілген шарттарда жұмыс істеуіне дайындық жүргізілді. «Жетістіктер мектебі» даму бағдарламасы – мектептің білім беру қызметі, білім үдерісіне қатысушылардың ынтымақтыстығын, соңғы жетістікке жету жолдарын, құндылықтар мен көзқарастарды бейнелейтін ұзақ мерзімді нормативтік құжат.

Бағдарлама: 
  • мектеп жұмысының тиімділігін, проблемалары мен негізгі мақсаттарын бағалауға; 
  • оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; 
  • бағдарламаның соңғы жетістікке жетуін болжау.    
«Жетістіктер мектебінің» концепциясы сүйенетін негізгі қағидасы «жетістік» ұғымы  мектептің  нәтижелі даму  сатысында келесі бағыттар  бойынша  көрініс табады: 
  • жетістікке  жете  алатын  тұлғалық  қасиеті  дамыған  оқушыдан; 
  • жетістікке  жете  алатын   жоғарғы  дәрежедегі  маман  ұстаздан; 
  • табысқа  негізделген  жетістіктер  мектебінен.                                                      
Мектептің  мақсаты: оқушылар  үшін  қолайлы  орта  жасай  отырып, білім  жетістіктеріне  жету. 
Негізгі  міндеттер:      
  • Оқушылардың  тәрбиесі  мен білім сапасын  дамыту;  
  • Оқушылардың мектепке деген қарым-қатынасы мен көзқарасын дамыту арқылы   мектеп  абыройын  арттыру;
  • Мектеп өмірінің шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігін дамыту мақсатында жобалау  дағдысын қалыптастыру; 
  • Мұғалімдердің  кәсіби  маман  болып  қалыптасуын  нығайту; 
  • Мектептің  біртұтас  ақпараттық  алаңын ұйымдастыру; 
  • Өзара  сыйластық  пен  әрекеттенудің  байланыс  жүйесін құру:  ата-аналармен, билікпен, кәсіпорындармен, қоғамдық әлеуметтік     институтпен, оқу  орындарымен; 
  • Жетістіктер мектебінің бағытты жұмыстарын дамыту. 
  • Жетістіктер мектебін мазмұнды, сапалы  деңгейге  жеткізетін  мектеп  жұмыс  жүйесін  қалыптастыруды бастау. 
Күтілетін   нәтижелер: 

Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жоғары нәтижеге жету жеделдейді, негізгі құрылымы   жүйеленеді; 
  • әлеумет алдындағы  мектептің  мәртебесі көтеріледі; 
  • күтілетін білім  сапасына  жетеді; 
  • білім мазмұнының  жаңаруы  мен оқыту технологиялары  заман талабына сай болады; 
  • білім беру  мекемесінің   тәрбие  саласындағы  мамандануынан, оның  ең өзекті  мәселе жеке тұлғаның  шығармашылығын қалыптастыруынан білінеді; 
  • білім беру  процесінің  өсу  деңгейіне ата-аналардың қанағаттанады, жоғары баға  береді; 
  • білім мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісіндегі оқыту  технологияларын таңдауда, оқушы мен  ата-ананың ынтасы мен қызығушылығы есепке алынады; 
  • оқушылардың  денсаулығын  сақтауда  мұғалімдердің  ықпалы мен көмегі болады; 
  • дене тәрбиесі жұмысының жүйесін жақсарту арқылы әр тұлғаның дамуына мүмкіндік жасалады; 
  • мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында біліктілігін арттыру дайындықтарынан  өтеді; 
  • құжаттардың айналымда автоматты түрде жүйеленуі: бағдарлама, әдістемілік құралдар, аналитикалық  талдаулар мен есептерге байланысты болады; 
  • білім беру процесіне қатысушылардың қазіргі заман талабына сай ақпараттық  мәдениеті  деңгейі  өседі; 
  • білім алушылар күні бойына жоғарғы дәрежеде шаршамай білім алу мүмкіндігіне ие   болады; 
  • әлеуметке тез бейімделеді; 
  • білім алуға жоғарғы дәрежедегі қызығушылығы  болады; 
  • білім алушылардың жоғары дәрежедегі қанағаттануы мен эмоционалды көрсеткіштері  болады. 
Бағдарламаны құрастырушылар 
РФ Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының тәжірибелері негізінде Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Садыкова Зауре Жақанқызы құрастырған бағдарлама. 
Бағдарламаны орындаушылар 
Мектептің әкімшілігі, педагогикалық ұжым, оқушылар ұжымы, ата-аналар және әлеуметтік әріптестер қоғамы. 
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 
Бағдарлама ұзақ мерзімге бағытталған: жүзеге асыру мерзімі 2010-2015 жж.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі    Момынқұлова Алтын  Момысқызының «Отбасылық оқу клубы» авторлық бағдарламасы
(2010 жылы республикалық «Ең үздік авторлық  бағдарлама» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды.)
Халқымыздың батыр ұлы Б. Момышұлы “Ұстаз ұлық емес,ұлы іс” деген еді. Ұзақ жылдар осы ұлы іспен айналысып келемін. Ұлылықтың өзі қарапайым, ол үздіксіз әрекет пен ізденіс, өзіңді қоршаған адамдармен бірге даму. Өз ісімді адал атқарып, шәкіртіме білім бердім. Уақытымның жоқтығын алға тартып, өз балаларыма көп көңіл бөлмей кінәлі болғанымды да мойындаймын. Енді немерелеріме келгенде бұл сылтау үлкен қателік екенін түсіндім.
Бәрі де жай ғана өз немерелеремді зерттеуден басталған еді.

Сұрақтар:
  1. 1.Оларды көбірек қызықтыратын не?
  2. 2.Олар неге кітап оқымайды?
  3. 3.Оқыса, неге тез жалығып, тастап кетеді?
  4. 4.Олардың бойындағы оқырмандық қабілетті қалай қалыптастыруға болады?
Осы сұрақтарға жауаптарды бірлесе іздедік, әрекет еттік, немерелеріме жәрдем бердік. Ол туралы жобада ой бөлістік.
Еңбегіміз зая кеткен жоқ, олар ойлы оқырман болып қалыптасты. Ұлы бабалары Абылай хан туралы кітапты оқып ұлы жолға түскен немерелерім Қазыбек пен Арайлым өсіп ержетті. Ең бастысы, олар жақсы мінез бен мейірімділіктің үлгісін өз жүректеріне сіңіре білді. Биыл Қазыбек 10-сыныпқа, Арайлым 8-сыныпқа өтті. Екеуінің де атасы екеуімізге қояр сұрақтары өте көп. Бәрін білгісі келеді, ізденеді. Атасы екеуіміздің үмітіміз, көз қуанышымыз да, болашағымыз да осы немерелер. Олармен бірге болған әр сәт – біз үшін өмір бақыты. Өз тәжірибелерімізді әріптестеріммен, ата-аналармен бөлісіп “Дауыс пен Көрініс” журналына жарияладық. Осы игі істі “Ата-аналар оқу клубы” жұмысын ұйымдастыртық.

Бұл әрекетті зерттей келе төмендегідей қиындықтарға жолықтық:
  • Ата-аналардың жұмысбастылығы немесе өз баласы мен қызының болашағына немқұрайдылығы;
  • Ең бастысы, еш ата-ана оны мойындамайды, олар оқу, кітап оқу сөздерін тек мұғалім мен мектеппен байланыстырады;
  • Әріптестерімнің кейбірі менің әрекеттерімді қолдамай “Баласын оқытқанымыз аз еді, енді ата-анасымен жұмыс істейміз бе? Уақытым жоқ, ол үшін маған ешкім рахмет айтпайды, ақша төлемейді” деді.
 
Мен үшін көптеген сұрақтар пайда болды.
  • Неден бастаймын?
  • Қалай әсер етемін?
  • Жоспарын қалай құрамын?
  • Мәтіндер мен кітаптарды қалай таңдаймын?
  • Ұлдарға қалай көбірек кітап оқытамын?
  • Кімнен, неден үйренемін?
  • Өз тәжірибемді қалай жүзеге асырамын?
Көп ізденіп, әрекет жасадым, зерттедім. Ең бастысы, сәтсіздіктерден қорықпай алға ұмтылдым. Бұл кезеңде маған жәрдем берер әріптестерім болды. Өз өмірін болашаққа арнаған, өркениеттің білім саласындағы жаңалығын жеткізуші зерттеуші – ғалым Мирсейтова Сапагүл Сламбайқызы осы идеяны қолдап, дамытушы болды. Бұл игі істі жалғастырушы әріптестерім Жамбыл облысының ұстаздары. Қазір басқа да өнірлер “Ата-аналардың оқу клубтарын” ашуда.
 Біздің қоғамда “гольф клуб”, “экология клубы”, “футбол клубы”, “журналистер клубы” деген ұғымдар қатарына “Ата-аналар оқу клубы” деген ұғым енді.

Біз не істедік?
  • Ата-аналар мен балалардың оқу әркетін, қызығушылығын зерттедік;
  • Бірлескен оқу клубтарын аштық;
  • Жүйелі, мақсатты жоба құрдық;
  • Клуб отырыстарын, семинарларын, кездесулер, конференциялар өткіздік;
  • Ата-аналарға, балаларға жәрдем беретін ережелер құрдық;
  • Оқитын кітаптар тізімін құрдық;
  • Кітапханаларға, кітап дүкендеріне саяхат ұйымдастырдық;
  • Үй кітапханасын немесе кітап бұрышын ұйымдастыруды ұсындық;
  • Семинар, треннинг өткізу кезінде пайдаланатын мәтіндерді топтастырдық;
  • Кітап оқу жайлы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді жинастырдық.
Оқу клубы бізге не берді?
  • Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің ең тиімді түрін;
  • Мектеп, бала, ұстаз ынтымақтастығының ең жақсы жолы;
  • Ұл балалардың “ой кеселді нәрселерден” (Абай) аулақ болуының сара жолы;
  • Білімді, мәдениетті, сауатты ұрпақ;
  • Жаттанды, есеп үшін өтетін жалған істерден аулақ болу;
  • Ұрпақ тәрбиесінде қарапайым да ұлы іс.
Бізге қандай көмек керек?
Кез келген жақсы идея жеке адамдардың алтын уақыты мен жанкешті еңбегімен басталады. Ал қоғам оны қолдап сол идеяның өміршең болуына әсер ету керек. Бұл жақсы идеяға моральдық, материалдық қолдау қажет. “Табысқа жетудің бір ғана жолы – кітап оқу” (А. Линкольн)

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png