Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

2020-2021 оқу жылының 20.10-26.10 аралығында «Рухани жаңғыру: ұлттық тіл – ұлы құндылықтар бастауы. Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлы» тақырыбымен өткен қазақ тілі апталығының жұмыс есебі

Қашықтан оқыту кезінде мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Осы бағытты негізге ала отырып, мектебімізде қазан айының 20-26 күндері «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің «Рухани жаңғыру: ұлттық тіл – ұлы құндылықтар бастауы. Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлы» тақырыбымен қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты - түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өмірі, қызметі, шығармашылығын дәріптеу, баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттыру болды.

Бірінші күні қазақ тілі мұғалімі Н.Смагулова оқушылар мен ұстаздарды апталықтың жоспарымен таныстырып, А.Байтұрсынұлы туралы бейнефильм көрсетті.



Апталық мақсатын негізге ала отырып,  бірлестіктің жас маманы Қ.Өмірбек «Көркем сөз – көңіл тілі» тақырыбында 5-6-сынып көркемсөзоқушыларымен ақынның өлеңдерін онлайн  оқуды ұйымдастырды.. Бұл шараға 30-дан оқушы катысып, бейнероликтері жарияланды. Атап өтсек, Жеңісбаева Әсел, Оразбаева Таңшолпан, Сапарова Шолпан, Базарбай Кәусар, Захария Айя, Есімхан Нұрбақыт, Имаш Малика сияқты оқушылардың өлең оқу мәнері көпшілікті сүйсіндірді.



21.10 күні қазақ тілі мұғалімі Ж.Аренова 10-11-сынып оқушылары үшін «Эссе жазудың құрылымы » тақырыбында вебинар өткізіп, оқушыларға апталықта жазатын эсселер тақырыбын ұсынды.



Апталықтың екінші күні қазақ тілі мұғалімі А.Абуева 7-8-сынып оқушыларымен «Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» тақырыбында 7-8-сынып оқушыларының ақынның шығармалары мен қызметі жайлы ізденіс жұмыстарын презентациялады. 8 «Ә» сынып оқушысы А.Барлықбаев ақынның мысал өлеңдері, Шакен Мерей «Тіл құралы» мен «Әдебиет танытқыш» еңбектері, М.Ашимгалиева «Қырық мысал», «Маса» жинақтары туралы жасаған жұмыстарын ұсынды.



Апталықтың үшінші күні қазақ тілі мұғалімі А.Магзумова «Сурет – сөзсіз өлең» тақырыбында оқушылардың ақын мысалдары негізінде салған суреттерін жариялады. Жас суретшілер Н.Әмзеева, К.Серікбаева, Б.Амит, Ж.Салимов, Ш.Сапарова, А.Бекзат, А.Нұрали сияқты кішкентай суретшілердің жұмыстары жақсы деп бағаланды.



9-сынып оқушылары  бұл күні қазақ тілі мұғалімі Г.Капшаева ұйымдастыруымен   «Ұлт ұстазы – Ахмет» тақырыбында ақынның қызметі мен шығармашылығы туралы  ғылыми жобаларын презентациялады. 9 «А» сынып оқушылары Адиярова Жанна мен Базарбай Сымбат «Ахмет – нағыз ұлтшыл», «Ахмет – қазақ білімінің негізін қалаушы» тақырыбындағы жұмыстарын жарияласа, 9 «Ә» сынып оқушылары Төлегенова мерей «Ұлт ұстазы», Ерлан Досымжан «А.Байтұрсынұлы білім туралы» атты жұмыстарын көпшілікке ұсынды. Оқушылардың жүйелі, сауатты жұмыстарын, өзіндік көзқарастары мен пікірлерін тыңдармандар жоғары бағалады.



Просмотров: 44

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png