Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

"Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі" тақырыбында вебинар өтті.

Нұр - Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей де қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында "Ахмет Байтұрсынұлы- қазақтың рухани көсемі" тақырыбында вебинар өтті.
Құрметті қонақтар: мектебіміздің директоры Зауре Жақанқызы, ЕҰУ-нің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдуәлиұлы Бекжан мырза, Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының директоры Райхан Сахабекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы Академиясының директоры, Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Еркінбай Ұлан мырза, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұлағатты ұстазы, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын, тілші Сабира Қайнарқызы және мектебіміздің мұғалімдері қатысты.
Ғалымдарымыз А.Байтұрсынұлы туралы зерттеу еңбектері жайлы тағылымды, құнды пікірлерімен бөлісті. Белгілі ахметтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Райхан Имаханбетова атамыздың мұражай үйінен керемет саяхат жасатып, Ахаңның қолының ізі қалған жәдігерлер мен кітаптар топтамасымен таныстырып өтті. Вебинарды жүргізіп, өткізуге мұрындық болған Капшаева Гүлшат және қазақ тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігінің жетекшісі Ләззат Ильясова.
Бас ұстазымыз Асхат Аймағанбетов:
"А.Байтұрсынұлы шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді", деп атап кеткен болатын.
Ұлт мерейін өсіретін, ұлт ұйытқысы атанған Ахаңның сара жолын жалғастырып, еңбектерін, мұраларын жинақтап, алдағы келе жатқан мерейтойына тарту етпекпіз.





Просмотров: 22

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png