Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

Жастарды патриотизмге тәрбиелеу бойынша «Ел Тірегі - 2019» акциясы өткізілді  

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – атамекенді сүю, заңды құрметтеу, міндетті түсіну, жастардың өз Отанын сезінуі, өз елінің тарихи құндылықтарынан нәр алуы – бұл ұғымдарды қалыптастыру тек ұдайы кешенді жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде ғана жемісті болады. Өз кезегінде осы мәселелерге елордалық орта және арнайы орта оқу орындарының басшылығы да аса зор көңіл бөлуде.           

Елордада «Ел Тірегі - 2019» патриоттық акция өткізіліп, оған 1200 астам оқушылар мен әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысты.

Біздің оқу мекемеміздің де ұстаздары мен оқушылары өздері үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның куәгері болып қайтты.  

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде әскерге шақырылатын жастар үшін әскери оркестр өнерін көрсетті, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.  

Іс-шара басында ұйымдастырылған көрме жоғарғы сынып оқушылары мен студеттердің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жасөспірімдер жарыса қолдарына қару алып, киім үлгілерін қызыға тамашалады.

Әскерге шақыртылған жастар алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен мен мәслихат депутаты Қ.Таукен және Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің армиямыз күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығының артқанын атап өтті.  

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы ескертіп өтті.  

Айтылған лебіздерден соң, әскер түрлері мен тектері болашақ сарбаздарға әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынды. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті.

















Просмотров: 129

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png