Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

АЛАШ РУХЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция мақсаты – Алаш зиялыларының есімін және олардың тағылымды мұраларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау, бүгінгі заман талаптарына лайықтай отырып, қолданысқа енгізудің жолдарын талқылау. 
Конференцияға Алматыдағы А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, ғалым Р.Имаханбет, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры С.А.Жүсіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.А.Әбсадық, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Қ.Ғ.Дәркенов, Б.Қорғанбек,  С.Б.Жұмағұлов, Қ.Р.Кемеңгер секілді алаштанушы ғалымдар қатысты.  Олар өз баяндамаларында жиналған көпшілік назарына Алаш арыстарының өмірі мен оларға қатысты тың деректер және архив материалдарын ұсынды
№48 мектеп-лицейінің директоры З.Ж. Садықова орта білім берудегі Алаш зиялыларының орнына тоқталып, қазіргі кезде туындап отырған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Конференцияның екінші бөлімі №48 мектеп-лицей базасында жалғасын тапты. Мектеп мұражайының жасақталуымен танысып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.







Просмотров: 150

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png