Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

«Сыңғырла күміс қоңырау»

Алтын шапақ шашыратып көгінен

Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен

Балапандай ұясына асыққан

Шәкірттерін шаттандырып сеніммен, -

деп  басталған жүргізушілер сөзі әр жүректі толқытты. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үні табысып отыр. 2019-2020  оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  28  жылдығы, Ата Заңымыздың 24 жылдығы, қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 24 жыл толуы, ең бастысы еліміздің  рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға  жеткізетін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бағдарлама болуын  Алла тағала нәсіп етсін.

Бар мектептің басталар бүгін жыры

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Жаңа оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт

Құтты болсын бүгінгі Білім күні! – дей отыра

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзеліп, ту енгізіліп, Әнұран орындалды. «Шаттық-2019» байқауының алтын медаль иегерлері мектебіміздің «Шашу» халықтық би ансамблі «Заманауи» биін мың бұрала билеп, салтанатты жиынның сәнін келтірді.





Жаңа оқу жылының басталу салтанатының алғашқы құттықтау сөз кезегі Нұр-Сұлтан қаласы № 48 мектеп-лицей директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, білім үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері  Зәуре Жақанқызына берілді.

    1-сынып оқушыларының құрметіне ән шашуы жолданды, 1 «Б» сынып оқушысы Жолдасбекқызы Інжу «Астана» әнін орындады.

   Мектебімізге келген қадірменді қонақтарымыз  «Астана  дарыны» орталығының бөлім басшысы Абишева  Анара Халеловна  оқушыларға жаңа оқу жылында талмас талап тілеп, білімді ұрпақ болып өсулеріне тілекші екендерін де атап өтті.









Просмотров: 170

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png