Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

Ата-ана жиналысы

Мектебімізде  15.05.2019 ж. сағат 18.30 - де мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналысқа 1-11 сынып аралығында әр сыныптың белсенді ата-аналары  қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылының  оқу-тәрбие жұмысының  ұйымдастырылуы туралы мектеп директоры  Садықова Зауре Жақанқызы,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Мұқатова Жанар Маратқызы,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы сөз сөйледі.

       Екінші мәселе бойынша бюджеттің орындалуы туралы есеп жайлы  Садықова Зауре Жақанқызы сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Келесі  мәселе бойынша  мектепте оқумен қамту қаражатын пайдалану, көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, ақшасыз төлем жасау, ас мәзірі, бейнебақылау жайлы әлеуметтік педагог Смағұлова Назгүл Бекзанқызы есеп берді. Соңғы қорытынды мәселе бойынша мектептегі қамқоршылық кеңесі жұмысының  есебі туралы  қамқоршылық кеңес төрайымы Досмырзаева Айзада сөз сөйледі.  Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарына толық жауап алды. Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын тектілігімізді сақтап қалайық. Ата-бабамыздың қанындағы ізгі қасиеттер жойыла ма деген үлкен күдік тұр. Осынау өмірдің қиын кезеңінде ұрпақтарымызға саналы тәрбие бере білейік. Алған білімін адамзат игілігіне жұмсауларына күш салайық. Ол үшін балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы рөлінің басым екендігін мойындап, бірлесе әрекет етуіміз қажет. Алдағы жарқын күндерде кездескенше сау болыңыздар! - деп мектеп директоры Зауре Жақанқызы   өз сөзін қорытындылады.









Просмотров: 221

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png