Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

«Шаттық-2019»

Бүгінгі таңда жас дарындар есімін анықтауда республикалық, халықаралық дәрежеде өтіп жатқан түрлі фестиваль, байқаулар да аз емес. Сондай шаралардың бірі – «Шаттық» фестивалі. Биылғы жылғы XІІІ «Шаттық» байқауының қатысушылары «Хор әні» , «Театр», «Вокал», «Хореография», «Аспапты музыка», «Ерекше жанр», «Бейнелеу өнері», «Фотосурет» номинациялары бойынша өнерпаздар сынға түсті. Бұл байқау талай жас өнерпаздың шабытын шыңдайтын шеберханаға айналғаны анық.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық» байқауы олардың шығармашыл тұлға болып қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін айтулы додаға айналып отыр, 13 жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан «Шаттық» фестивалі ұрпақтың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың үлгісі. Қазақ өнері мен мәдениетінің болашақ жас дарындарына назар аудару ниетінен туған шара әлі де жалғасын табатын болады. Біздің мектебіміздің оқушылары «Хор әні», «Аспапты музыка»,«Хореография» номинациялары бойынша қатысып Алтын медальмен марапатталды. Фестивальге қатысушыларды  дайындаған ұстаздар  арнайы дипломдармен марапатталып, құшақтары гүлге толды.  Фестивальде біздің балаларымыз өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, барлығымызды қуаныш пен мақтаныш сезімдеріне бөледі, сондықтан, осы өнер жолында олардың көрсеткіштері, жетістіктері мол болсын деп тілейміз...







Просмотров: 225

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png