Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

«Жастарды  қолдау-жарқын  жолды  таңдау»

Мәдениет майданындағы сүбелі істің бірі - театр,кино... Бүгінгі  күні театр, кино әлеміне жұртшылықтың сұранысы ерекше артып келе жатқаны көңіл қуантады. Осыған орай ақпан айының 23-ші  жұлдызында еліміздің  абыройын асқақтатып жүрген театр және кино  актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері -Дәурен Серғазин,Астана қаласы «Жастар» театрының  негізін  қалаушы, кино  және театр актері – Бахыт  Бахтанұлы  мектебімізде  қонақта  болды. Кешті  мектеп  директоры Зауре Жақанқызы ашып, құрметті  қонақтарға  жылы лебізін  білдірді. Осы  кездесуді  асыға күткен жоғарғы  сынып  оқушылары өздерінің  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Құрметті  қонақтарымызға мектеп әкімшілігі, ұстаздар тарапынан да сұрақтар қойылды. Мектеп  директоры Зауре Жақанқызы, құрметті  қонақтарымыз Дәурен Серғазин,  Бахыт Бахтанұлы өз өнерлерін  тарту етіп те кештің  сәнін  кіргізді. Құрметті  қонақтарымыз адам жанының  айнымас серігі - өнер әлемінің өте күрделі  екенін, шеберлік пен шығармашылық, білім, білік, керемет  еңбек керек  екенін шынайы айтты. Әр жас мамандықты дұрыс, жүрекпен таңдау да басты бағдар екенін ұқты. Білікті, шығармашыл мамандар, білімге құштар жас ұрпақ еліміздің  дамуының басты индексі екенін жеткізу кештің басты  мақсаты еді. Кеш  жүргізушілері 11 «В»  сынып оқушысы Ержуманов  Руслан мен   9  «Ә» сынып оқушысы Шайхстамова Диана  өздерінің  шеберліктерін  танытты. 10 «А » сынып  оқушылары Айдарбек Аружан мен Исмагулова Мая  күй  тартып, 9 «Е» сынып  оқушылары  Асмагиева Зейнеп, Айтеева Алина тамаша ән  тарту етсе, 9 «Ә », 9 «Г » сыныбының бишілері Әлкен Ақнұр, Ахметова Сана, Ахметова Далида, Исабаева Диана өз өнерлерін паш етті.

                                   Ісім  оңсын десеңіз

                                   Сол істің маманы  болыңыз,

                                   Даңқым  шықсын десеңіз

                                   Көпшіліктің маманы  болыңыз -

 деген  ғұлама Әл-Фарабидің  сөзімен аяқталған   кеш өз мақсатына жетті. Кеш соңында  оқушылар естелікке фотоға түсіп, өз қолтаңбаларын алды. Мектеп директоры Зауре Жақанқызы  құрметті  қонақтарға Алғыс  хатпен, сыйлықтар берді.














Просмотров: 168

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png