Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
2015-2016 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысында атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
    
      Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол»  акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік  бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.
Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға,  жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер  бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
      2015 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде базарлар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, үй жертөлелері, компьютерлік салондар, көңіл көтеретін орындар, пәтерлер  тексеру шаралары ұйымдастырылды. Акция іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге барлығы 52 ересек адам қатыстырылды.  
Мектепте «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық бұрыш жасалды.  Акция кезінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды.
Акция барысында мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсетілді.
Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 12 балаға, 3 жетім балаға материалдық көмек мектеп формасы және мектеп-жазу құралдары берілді, жалпы сомасы  150 мың теңгені құрайды.
Сонымен бірге акцияның негізгі міндеттерінің бірі – әкімдік,  білім беру органы, мәслихат, меценаттар, демеушілер кеңінен тарту. Оның ішінде Кудабаева Анар Касенқызы (жеке кәсіпкер) өз үлесін қосты. 7 оқушыға киім-кешекпен көмек берді, жалпы 75 мың сомасын құрайды.   
     Балалар құқық қорғау департаментінен мектебіміздегі аз қамтылған  балаға мектеп портфелін оның ішінде кеңсе тауарлары бар заттарды сыйға берді. Ата-аналар тарапынан өздерінің алғыстарын айтты.
Құқық қорғау органдарымен бірігіп мектептегі оқудан бас тартып жүрген балалар анықтау барысында, мектеп бойынша тіркелген жоқ.Мектеп директоры Садықова Зауре Жақанқызы акцияның өтуіне ат салысқан ата-ана  қауымына, демеушілік еткен адамдарға, мұғалімдерге  ризалығын білдіріп, алғысын білдіреді.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png