Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

ӘР ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТІ ЖҮЗ САУАП

Адам өміріндегі игі істердің бірі-мұқтаж жандарға көмек беру. Осы мақсатта мектебімізде 2016 жылдың қаңтар айының 23-і күні  «Мейірім  шапағаты»атты жәрмеңке өтті. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол  ата-аналардың көп екеніне көзіміз жетті.

 Қамқорлық ізгі ниетпен,
Туады жылы жүректен.
Арайлы күннің риясыз,
Шапағы сынды нұр төккен! –

деп басталған  тебіреністі сөзден соң, оқушылар әзірлеген концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ерекше белсенділік танытқан  төмендегі сыныптар: 1 «В» сынып жетекшісі Шингина Ажар Нигметжановна,    3«А»сынып жетекшісі Темирбекова Жұмагүл, 1 «Б» Сағымбаева Дария Мұхтарқызы, 2 «Б» Жусупова Орынгүл Қабдолқызы.

Жәрмеңкеден түскен қаржыны  тәрбие бөлімі мүдделі,кіріптар,көмекке мұқтаж адамдарға таратуды  жоспарлап отыр. Іс-шараға жауапты болған     Мара Жамбылқызы  қайырымдылық  жасау  әрбір адамның адамгершілік борышы дей келе, жәрмеңкеге ерекше  белсенділікпен қатысқан  оқушыларға,сынып жетекшілеріне, ата-аналарға шексіз алғыс білдірді.

                Жүректен мейірім,көңілден адал  пейіл азаймасын!  Осындай игі істер өз жалғасын таба берері сөзсіз.



*******

 



Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png