Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Қашықтан оқыту кезіндегі әдістемелік ұсыныстар

Қашықтан оқыту кезеңінде ҚР БжҒМ-нің төмендегі әдістемелік ұсыныстарын жұмыс барысында ұстану қажет.

Кері байланыс жөнінде:

- Оқушыларға кері байланыс жазбаша түрде қысқа, анық, сауатты берілуі тиіс.

- Білім алушының іс-әрекетін жетілдіре алатын  сындарлы кері байланыс берген жөн.

- Оқушының оқудағы әр іс-әрекетіне қалыптастырушы бағалау беру шарт емес - нақты берілген тапсырманың орындалуы бағалану керек.

Оқушылардың оқу жүктемесі жөнінде:

Қашықтан оқытудың бірінші аптасы көрсеткендей, мұғалімдер жаңа тақырыпты меңгеруде берілетін оқу тапсырмаларына қоса үй тапсырмаларын беруде.  Күніне бір емес, бірнеше пәндер бойынша сабақтар бар екенін ескерсек,  оқушының оқу жүктемесі шамадан тыс артып, физикалық және психикалық денсаулығы мен білім сапасына кедергі келтіруі әбден мүмкін. Сол себептен,

- оқушының күніне орындайтын жұмысы мен тапсырмалардың көлемі мұқият қаралып, өлшеніп берілуі қажет;

- ақпаратты іздеп табуына, телесабақтарды тыңдауына, өздігінен оқу және үй тапсырмаларын орындауына жұмсалатын уақыты мөлшерленіп есептелуі керек;

- үй тапсырмасын тиімді орындауға жеткілікті уақыт беру абзал. Мысалы, пән бойынша аптасына бір сабақ болса, үй тапсырмасын орындаудың шекті мерзімі келесі сабаққа бір күн қалған уақытпен белгіленеді, яғни, орындауына бір аптаға жуық уақыт беріледі.

- Бағдар беру парағын (маршрутный лист) оқушы тарапынан толтыру міндетті емес. Оқушы өзіне бағдар беруші, көмекші құрал ретінде ғана пайдалана алады.

 

Үй тапсырмасы берілу-берілмеу талабы бойынша пәндер үш топқа бөлінеді.

1-топ: үй тапсырмасы берілмейтін пәндер (көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, өзін-өзі тану);

2-топ: өздігінен тақырыпты меңгеруде үй тапсырмалары оқу тапсырмаларына айналған немесе кіріктірілген пәндер (тілдер, әдебиет, тарих, география, биология, дүние тану, жаратылыстану);

3-топ: орындауға қажет уақыты мөлшерленіп үй тапсырмалары берілетін пәндер  (математика, алгебра, геометрия, физика, химия).

 

Әр түрлі себептерге байланысты орындалуы мүмкін емес немесе қосымша қаржыны талап ететін тапсырмаларға жол беруге болмайды. Мысалы, информатика пәнінен: «Жаңа бағдарлама әзірле» деген тапсырманы ескі компьютер немесе ноутбукте орындау мүмкін емес, арнайы бағдарламаны сатып алып жүктеуді талап етеді. Бұл ата-ананың наразылығына да апара алады.

 

Онлайн сабақтары жөнінде:

- Онлайн-сабақтарды жүргізуге тыйым салынған жоқ. Интернет бар жерде, оқушылар компьютермен (немесе, ноутбук, планшет, смартфонмен) қамтылған жағдайда сабақтардың біраз бөлігін онлайн-сабақ (онлайн-конференция) түрінде өткізген тиімді болып табылады. Оқушылардың өздігінен жасайтын жұмыс жүктемесін азайтады, жаңа тақырыпты меңгеруін арттырады, қашықтан оқытуға байланысты пайда болған күйзелісі мен мазасыздығын төмендетеді.

- «Балапан» арнасындағы сабақтарды дұрыс пайдалану. Телесабақты оқушылар көреді (10-15 минут), өз мұғалімімен талқылайды (10-15 минут), өздігінен жұмыс жасайды (10-15 минут).

 
******

Мектептің жаңашыл ғылыми-әдістемелік жұмысын
ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент
Еліміздің қарқынды дамуы педагогикалық қауымның алдына көптеген мақсаттар қоюда. Оның басты талаптарының бірі – ұстаздың өмір бойы оқып, жас ұрпаққа уақытына сай білім беру.
Мысалы, 2011 жылы біздің мектеп республиканың 44 оқу орнының қатарында «e-learning» жобасына енді. Осыдан бір жыл бұрын компьютерді меңгермеген ұстаздарды топтарға жинап, мектепішілік компьютер сауаттылығын ашу курстарын өткізгенбіз. Басында наразылық білдірген педагогтар курстың соңында  алғыстарын айтты, ал «e-learning» бағдарламасына ендік дегенде өздерінің ақпараттандыру техникасын меңгергендеріне шексіз қуанды. Бұл қазіргі заман білім беру саласындағы жаңашылдықтардың тек бір тарапы.
Бүгін оқу мекемелері жаңашылдыққа қызығушылықпен қарайды, себебі, өздерінің бәсекеге дайын болуларын қамтиды. Мектеп қызметін тиімді атқару үшін өзіндік жұмыс жүйесі және осы үдерісті жүзеге асыра алатын педагогтар қажет. Көптеген жаңашыл өзгерістерді енгізу заманға сай ғылыми-әдістемелік саланы қамтуды талап етеді.
Осы талаптарға сай болу үшін басшылық тарапынан әр ұстаз өзіндігінен кәсіби дамуына, шығармашылыққа және жаңашылдыққа дайын болуына  жүйелі жағдай жасалуы қажет.
Ғылыми-әдістемелік жұмысты нәтижеге жеткізу үшін төмендегі мақсаттарды орындау керек:
  • тәжірибені зерттеу, талдау және технологияландыру;
  • білім ғылыми-әдістемелік ғылыми-әдістемелік консалдингін құру;
  • педагогтарды кәсіби өсіру және өзіндігінен дамыту;
  • поликәсіптік бірлестіктер құру;
  • жаңа педагогикалық тәжірибелерді жобалап, моделін құру;
  • ұстаздардың кәсіби өсу ынталарын дамытуға жағдай жасау.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны технологиялық (Ақпараттық-коммуникативтік технологиясын, қазіргі білім технологияларын үйреніп, қолдану), психологиялық (өзекті психологиялық концепцияларды зерттеу), мәдениеттанымдық (ұстаздың методологиялық, психологиялық, технологиялық, әдістемелік мәдениетін қалыптастыру) мәселелерді көздейді.
Келешек ұрпақты әлемдік бәсекеге дайындау және оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағыт алу үшін 2010-2011 оқу жылы «Халықаралық сапа талабына сай соңғы нәтижеге бағытталған деңгейлеп және жекелеп білім беру» атты мектептің тақырыбын таңдадық. Таңдаған тақырып бойынша өткен екі оқу жылында «Жетістіктер мектебі», «Дарындылық: ақиқаты, проблемалары, келешегі», «Жаңашыл педагогикалық технологиялар», «Білім сапасы және оған жеткізетін тиімді жолдар», «Педагогикалық құзырлылық – бүгінгі таң талабы» атты педагогикалық кеңестер өткізілді. Педагогикалық, әдістемелік кеңестер нәтижесі бойынша рефлексия өткізіліп отырылады. Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы осы тақырыптар өңірінде атқарылады.
Алғашқы жартыжылдықтан кейін мұғалімдердің жұмыстарындағы позитивті және негативтік жақтары көрінді. Сонымен, жұмыс нәтижесінде диагностикасыз (зерттеу) менеджмент мәселерін тиімді шешу мүмкін емес екеніене көзіміз жетті.
Педагогты тұлға ретінде зерттеу және қызметін зерделеу – ғылыми-әдістеме жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдай.
Диагностика:
  • ұстаздардың педагогикалық шеберлігін әр тарапынан зерделеуге;
  • аралық және соңғы нітижелерді әділ бағалауға;
  • шығармашылық қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасаудың болашағын белгілеуге;
  • ұжымның оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің арқасында әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру бағдарламасын белгілеуге;
  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезеңінде кәсіби білім алуға бір-біріне көмектесу ғана емес, әдістеме топтар, жас ұстаз мектебі, озық тәжірибе мектебінде педагогтардың психологиялық тілтабысушылығын еске алуға;
  • ғылыми-әдістеме жұмысын жалпы мәдениетті ой-өрісімен тығыз қамтамасыз етуге;
  • әдістеме жұмысын тиімді жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Педагогикалық ұжымның диагностикалық картасын жасау үшін «Ұжымдағы психологиялық ахуал», «Білемін және қолымнан келеді» атты педагогтардың кәсіби көзқарасын зерттейтін тесттер, «Педагогтардың кәсіби құзырлылығы» атты диагностикалық сауалнама, ұстаздың жұмысындағы қиындықтарын зерттеу, жаңашылдықты қолдануға ұстаздың кәсіби дайындығын зерделеу және т.б. диагностикалық тәсілдер қолданылады.
            Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұстаздарды үш деңгейге бөлдік:
  • төменгі (интуициялық);
  • орташа (ізденушілік);
  • биік (шеберлік).
Педагогикалық шеберлік деңгейіне сәйкес ұстаздар әдістеме топтарына бөлініп жеке әдістеме нұсқалар жасалынды.
Жас мамандар және деңгейі төмен ұстаздар теориялық, тәжірибелік білімдерін меңгеру үшін «Жас ұстаз мектебінің» жұмысы ұйымдастырылды.
Орташа деңгейлі педагогтар үшін ерекше әдістеме семинарлар ұйымдастырылады және «RWCT» білім беру жобасының курсына қатысу міндетті.
Биік деңгей көрсеткен ұстаздар «Озық тәжірибе мектебінің» мүшелерінің қатарына енді. Аталмыш педагогтар өзіндік әдістеме жүйесін жасайды.
Әдістеме жұмысын басқару жүйелі және тиімді болуы үшін, біріншіден,  оның маңызы мен формалары міндеттері мен мақсаттарына сәйкес болуы; екіншіден, ғылыми-әдістеме жұмысы нақты жоспарлаған кезеңдерге бөлулі болуы қажет.
Сонымен, 2011-2012 оқу жылы «Жетістіктер мектебі» эксперименті негізінде ғылыми-әдістеме жұмысы жалпы педагогтар ұжымы үш кезеңге бөлінеді:
I кезең – теориялық – озық, жаңашыл жүйелердің, идеялардың мағынасын түсіну;
II кезең – әдістемелік – ең жақсы нұсқаларды көрсету: озық тәжірибе, жеке әдістеме жүйесі пікірін құрастыру;
III кезең – тәжірибелік – білім беру мен тәрбие жұмысындағы жаңа технологияларды әзірлеу және саралау;
IV кезең – сарамандық – жұмыс нәтижесін білу, типті қиындықтары мен оларды жою тәсілдерін талдау.
            Әдістеме жұмысында төмендегі формалар қолданылады:
бірінші кезеңде - лекция, ғылыми-теориялық конференциялар; теориялық және проблемалық семинарлар, әдебиетке шолу, педагогикалық білім аукционы;
екінші кезеңде – әдістемелік консультация, озық тәжірибеге шолу, психологиялық-педагогикалық семинар, психологиялық тренингтер, ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарлар;
үшінші кезеңде – практикум, шығармашылық есеп беру, мастер-класстар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар, «дөңгелек үстел»;
төртінші кезеңде – бүкіл ұстаздар диагностика мәселелері, педкеңестерге дайындалу, озық тәжірибелік фестивальдарға белсенді қатысуы.
         Ғылыми-әдістеме жұмысы нәтижелі болуы үшін менеджмент заңдылығы бойынша функциялар жауаптылар арасында бөлінеді.
Директордың функциялары:
  • ғылыми-әдістемелік жұмысының стратегиялық бағыттарын белгілеу;
  • педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін өсіру дайындығын жүргізетін жауапты адамдарды тағайындау;
  • кадр қажеттілігін болжау;
  • қызметкерлерді марапаттау;
  • мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын бағалау.
Ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасар мен әдістеме бірлестік жетекшілерінің функциялары:
  • ғылыми-әдістемелік жұмысының сапасын бағалау мен жүзеге асыруды бағыттау;
  • ұстаздарды оқыту процесін басқару;
  • жас мамандардың дағдылануына ықпал көрсету және тәлімгер бекіту.
Жоғарыда көрсетілген жоспарланған ғылыми-әдістемелік жұмыс нәтижелі болғанымен ұстаздардың кәсіби дамулары үшін ынталандыруды ұмытпағанымыз жөн.
Төменде ғылыми-әдістемелік жұмысқа белсенді қатысып, кәсіби дамуы тиімді болуы үшін қызметкерлерді марапаттау және ынталандыру жолдарын көрсетейік:
өзіндік жұмыс істеп, шығармашыл педагогикалық қызметті жүзеге асыруғы ынталандыру үшін авторлық бағдарламалар жасауға, оны регион деңгейінде танытып, таратуға көмек көрсету;
жеке дамуына, жаңа ақпарат алуға ынталандыру үшін курсқа, тәжірибе алуға жіберу; әдістеме жұмыспен шұғылуға уақыт бөліп беру;
әлеуметтік жетістікке ынталандыру үшін баяндама оқуға және тәжірибе алмасуға әр-түрлі семинарлар мен конференцияларға жіберу; баспаларға мақала дайындауға көмек көрсету; мектепішілік әдістеме жұмысын басқаруға тарту, әріптестеріне семинарлар, курстар өткізуге құқық беру;
ұжымның қызметіне қатысуға ынталандыру үшін мектептің маңызды мәселерін шешетін түрлі органдарына тарту;
тұрақтылық пен қорғаулы екенін сезу үшін ұжымдағы орны кепілді болғанын білдіру;
бәсекелестікке ынталандыру үшін марапаттауларға ұсыну, «Жыл мұғалімі» сыңайлы сайыстарға жолдау беру.
      Қазіргі заманға сай ынталандыру (мотивация) беру жолдардың бірі – рейтинг жүйесі. Мұғалімдер ұжымының рейтингін шығаруға мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысады. Рейтинг талаптарына педагогтардың кәсіби шеберлігі, пәні бойынша өзінің және оқушыларының білім мен біліктілік деңгейі, психологиялық ортаға бейімделу, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу, кәсіби дамуының динамикасы, озық тәжірибесін тарату және т.б. критерийлер кіреді.
Әдістеме жұмысының ең тиімді басқару әдісінің бірі – талдау және жоспарлау. Бұл бөлек баяндама болатын тақырып.
Мектептегі әдістеме-ғылыми жұмысы жетістігінің көрсеткіші – білім беру үдерісінің деңгейі.
Оның критерийлері ретінде:
  • оқушылардың осы мектепте оқып жатқанына қанағаттанулары;
  • оқушылардың мектепке берген жоғары бағалаулары;
  • педагогтардың кәсіби беделдерінің биіктігі;
  • педагогтар мен оқушылардың тіл табысу деңгейі;
  • ата-аналардың мектепке деген сыйлаушылығы;
  • ата-аналардың, оқущылардың, мектеп түлектерінің көмек көрсетуге әрдайым дайын болулары;
  • педагогтар мен оқушылардың шығармашылыққа бейімді болуы;
  • мектептің сүйікті ұстазы болу үшін ұстаздардың кәсіби шыңға жетуді мақсаттау;
  • жекелеп және деңгейлеп оқытудың мүмкіндіктерін қолдана білу;
  • сабақтағы және сабақтан тыс, сыныптық және сыныптан тыс қызметтерді байланыстыра білу;
  • педагогтың қазіргі уақыттың түрлі білім беру әдістерін тұрақты қолдана білуі табылады.
Бүгінгі күні мектеп ұжымының атқарып жатқан ғылыми-әдістемелік жұмысы тереңінен білім сапасын арттыруға ықпалын көрсетуде. Олай болса, алдымызға қойған бағытымыз дұрыс деп санаймын.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png