Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының саны - ұсынылған бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 20 тапсырмадан.

2 бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30 тапсырма. Олардың ішінде 20 тапсырма - 1 дұрыс жауапты таңдауды, ал 10 тапсырма ұсынылған жауаптардан бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауды талап ететін тапсырмалар.

Әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап ұсынылған жауаптардан бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар 1 баллмен бағаланады, ұсынылған тапсырмалар бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауды талап ететін тапсырмалар 2 баллмен бағаланады.

Барлық тест тапсырмалары-120.

Тестілеу уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут).

ҰБТ-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін бітірушілерге қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға түсушілер үшін 1 сағат 40 минут беріледі.

Барлығы 60 тест тапсырмасы.


Егер тестіленуші алған балдармен келіспесе немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертулері болса, ол ҰБТ-ны өткізу пунктінде құрылған апелляциялық комиссияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтінішті ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беруге болады және ол бір күн ішінде қаралады. Өтінішті тестіленушінің өзі береді, бұл ретте нақты пән мен сұрақтар көрсетіледі. Және әрбір мәселе негізді болуы тиіс. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы қажет.

Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары өмірлік жағдайларда математиканы қолдану қабілетін бағалауға, әртүрлі контекстерде математиканы қалыптастыруға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған. Ол математикалық ойлауды және құбылыстар сипатталатын, түсіндірілетін және болжанатын математикалық ұғымдарды, рәсімдерді, білім мен құралдарды пайдалануды қамтиды.

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары жазбаша мәтіндерді түсіну және ұғыну, олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін пайдалану қабілетін тексереді.

Жоғары білім берудің қысқартылған мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін ТжКБ (колледж) бітірушілері үшін ҰБТ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде оқуға түсушілердің қалауы бойынша екі пән бойынша жүргізіледі:

  • жалпы кәсіптік пән;

  • арнайы пән.

Басқа білім беру бағдарламаларына (ұқсас емес) түсуге ниет білдірген колледж түлектері жалпы негізде ҰБТ тапсырады.

Бағалау:

Дұрыс жауаптың бір нұсқасын таңдап алған тапсырмалар үшін 1 балл, қалған жағдайларда 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау тапсырмалары келесідей бағаланады:

 

  • тек дұрыс жауаптарды толық таңдау 2 балл,

  • 1 қатені жіберу (1 дұрыс жауап табылмаған немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалған) 1 балл,

  • 2 немесе одан көп қателерді жіберу 0 балл.

 

Ең жоғары балл-70 балл, өту балы-25 балл.

Ситуациялық тапсырмаларда 5 жағдай қоса берілетін тапсырма беріледі. Жағдай мәтінмен (көркем, ғылыми), схемамен, кестемен, кестелік мәндермен, суреттермен (фотосуреттермен) ұсынылуы немесе ақпаратты берудің бірнеше түрін қамтуы мүмкін.

Осы тапсырмаларды сәтті орындау үшін жағдайлармен және тапсырмалармен мұқият танысу қажет. Дұрыс жауап жағдайдың немесе тапсырманың контексінде жасалуы мүмкін.

Орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып түлектері үшін жылына 4 рет ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілді.

ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда 11 (12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады.

Мектеп түлектері қаңтар және наурыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатысып және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png