Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Салауатты ұрпақпен-Болашаққа ұмтылған ұжым

   Адамзаттың ең басты байлығы денсаулық екеніне дөңгеленген дүние халықтары әу-бастан көз жеткізіп мойындаған. Жер шарында  адам баласы пайда болған күннен бері, бір сәтке салауаттылықты ұмытпаған. Тарихи тәмсілдерге сүйенсек, ежелгі Грекия жерінен шыққан ұлы ойшылдар Платон, Аристотель, Архимед сынды данышпандардың өзі Олимпиада ойындарын ұйымдастырып, онда бақ сынап, өнер көрсеткені тарихи деректерде самсап тұр.
Тарихтан тамыр тартып, шеру түзетін  Олимпиада ойындарын жер-әлемдегі бес құрлықтың басын қосып, түрлі спорттық ойындарды бір олимп қалашығына шоғырландырып, күллі әлемге салауаттылықты кеңінен тереңінен жарнамалап жататыны, әр төрт жылдықтың дәстүріне айналғаны жайдан-жай емес болар.  
Сірә, осы тұста Еуразия құрлығы адамзат баласының ең көп, тығыз мекендеген құрлығы екенін бір сәтке де ұмытпаған абзал. Иірімі мол, ширатылған тарихтың бастаулары да осы құрлық еншісінде екені айдан анық.  
   Елбасымыздың «Еуразиялық тұтастық», «Еуразиялық валюта», «Еуразиялық кедендік одақ» сынды ордалы ойлары да сөзімізді тұздықтай түседі. Кез-келген спорттық ойындардың Еуразия құрлығында өтіп жатуы – нағыз бәсекенің қайнар көзіне айналары хақ. Жазғы Азия ойындары мен Еуропаны қамтитын Чемпиондар лигасын әр бір жанкүйер екі иінінен демалып тамашалайтыны сөзімізге дәлел бола алады.
Олимпиада ойындары болсын, Азия ойындарында болсын, түрлі  спорт түрлерінен  өтетін  әлем біріншіліктері болсын, Қазақ мемлекетінің оғландары, жауырыны жер иіскемиеген, бұла күштің иелері, Қажымұқан мен Балуан Шолақтың ұрпақтары қызған бәсекенің көркін қыздырып, сан сайыстан «аузымен құс тістеген» жүйріктей, «шашасына шаң жұқтырмай» талай топтан дара шығып жүргені Қазақ спортының тарихынан мәлім. Тіпті, соңғы Тұманды альбион елінде, Лондон жерінде жалауы желбіреген олимп ойындарында жеті бірдей саңлағымыз алтын алқа сыңғырының сиқырына бөленіп, 230-дан астам елдің ішінен  12-орынға табан тіреп, спорттық державалы елдердің қатарын толықтырды.
   Астана – түрлі салалардың озық бастаушысы. Алғыр идеялар мен ордалы ойлардың, үздік құрылыстың, саяси бастамалар мен  руханияттың тұнған мекеніне айналған, буыны қатпаса да бұғанасы ерте бекіген тым     жас шаһар. Сонымен қатар, Астана – спорт қаласы. Елорданың қанатынан шыққан Г. Головкин мен жақында Алматы төрінде керілген  шаршы алаңда  барлық былғары қолғап шеберлерін қоғадай жапырып, ұлттық құраманы  жарқын жеңістерге жетелей жүріп, өзі де сол сайыстың чемпионы және  үздігі болғаны жадымызда ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.
 «Астана» велоклубы мен «Барыс» хоккей командаларының ұжымдық жеңістері Астана тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді. 2011 жылы Астана ақ Азия ойындарын қабылдап, құрлықтың ең үздік командасы  еліміздің құрамасы  атанғаны да жадымызды біраз уақыт жаңғырары анық.
Астананың кіндігінде орын тепкен №48 мектеп-лицейі қаладағы   үздік спорт және дене тәрбиесі жүйріктерін даярлауда озық тәжірибенің үлгісіне айналғалы біршама уақыт болды.    Қаладағы мемлекеттік 70-тен  астам мектеп пен мемлекеттік емес  тағы бірнеше орта оқу орындары арасында футболдан, волейболдан, баскетболдан, жеңіл атлетикадан, тоғызқұмалақ, шаңғы спорты, үстел тенисінен  мектеп оқушылары  оқ бойы оза шауып, бас бәйгіні бермей  келеді. Мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері ұйымдасқан түрде,    жұдырықтай жұмылып, бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде зор жеңістер мен жемістерге қол созып жатқан жағдайы бар.
   Атап айтқанда, Батырхан Алпысбаев баптаған мектеп     оқушыларынан құралған  команда аяқ доптан Астананың алды болды, Қазақстан біріншілігінен үздік шығып, Түркияның Анталия қаласында      оқу-жаттығу жиындарына берілген  жалғыз жолдама иесі атанып, Анадолы жасыл алаңында ұйымдастырылған жолдастық кездесулерде теңбіл доптың шебері екенін көрсетті.
  Аталған өрендер осыдан бір жыл бұрын «СОСА-СОLA. Былғары доп-2012» сайысында қаланың үздік  командасы атанды. Зерттей қарасақ,  аяқ доп шеберлерінің  жетістігі кездейсоқ  жеңіс емес екендігінен дерек береді. Мектеп мұғалімі Жанатхан Қуанбек баскетболдан  жасақтаған  командасы қаланың чемпионы атанса,  Байдол Хайраластың оқушысы жеңіл атлетикадан қала біріншілігінде қатарынан оза шабады.     
Ташенов Серік даярлаған оқушы «шаңғы спортынан» алдына жан салмады. Ұжымға жаңа қосылған Ахметқалиева Әсем мен Сүлейменов Әліби бірі волейболдан команда жасақтап, жаңа бәсекелерге әзірленіп жатса, Әліби бастаған футбол командасының да алар асулары әлі алда. Ұлттық спорт түрі «тоғызқұмалақтан» оқушыларды баптап жүрген дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі, Алтын Әбішованың жетістіктері ұшан-теңіз.
Сондай-ақ Тоқтағазы Елдос жасақтап тәрбиеленген жаужүрек жас жауынгерлер мылтық ату,қаруды теру, граната лақтыру, саптық жүріс, жауынгерлік эстафета сияқты әскери-спорттық жарыстарда қалалық біріншіліктерде бас жүлдені бермей келеді. Бұла күші бойынан кетпеген, ұлттық намысы ойынан кетпеген, салауатты өмір салтын ұстаған, дені сау, көзі ашық көкірегі ояу, жасампаз да жеңімпаз ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуде сіңіріп жатқан еңбектері орасан. Жылына екі рет мектеп мұғалімдері арасында спартакиада ұйымдастырылса, ата-аналар мен оқушылардан құралған командалар арасында да спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шын жүйрікке тұсау жоқ» деген аталы сөздердің осы ұжымға арналғаны даусыз. Бірлігі мызғымайтын, татулығы үлгі болатын, ұйымдасқан түрде тынымсыз тер төгетін, әр қайсысы әр жаққа тартып  «Аққу,  шортан һәм шаянның» кейпін кимей, тиісінше «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген ұстаныммен  еңбектенетін  ұжымның табыстары толағай, татулығында мін жоқ.
   Аталған ұжымның әрбір мүшесі өзіне жүктелген жауапкершілікті  жан-жүйесімен сезінеді. Осының нәтижесінде зор табыстар мен желбіреген жетістіктердің иегерлері атанып отыр. Осы тұста, бірлігі жарасқан  ұжымның әлі алар қамалдары алда деп білелік.                                             
Шеберліктің нәтижесі жас жеткіншектерді - Олимпиада шыңдарына жеткізу.
 

 

 

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png