Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Инновациялық технологияларды пайдалану (атауы, тиімділігі)

Атауы: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы

Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмысын дамытуда  жаңа технологиялар мен жобаларды қолдану жолға қойылған. Мектеп 2012 жылдан бері «RWCT мектебі» атағына ие болған.  Ұжымдағы мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау жүйесінде оқушыларға жағымды орта құру әдістемесі арқылы сабақтар жүргізеді. Мектептің 70 мұғалімі (сын тұрғысынан оқыту) жобасын тәжірибесінде қолданады. 

Нәтижесінде: Мұғалімдер біріншіден сабақты ұйымдастыруда , өткізуде оның жеке тұлғаны  дамытуға бағытталған философиясын меңгеруге  ынталы болады.

Олар жеке тұлғаның дамуындағы кедергілерді  зерттеу арқылы оларды өз бетінше білім алуға ынталандырудың жаңаша жолдарын қарастыра алады.

Мектеп ұжымы «Оқу клубына» белсенді  қатысу арқылы өздерінің де оқушылардың да  ата – аналардың да оқырмандық қабілеттерін  дамыта алады және өздерінің кәсіби өсу жолдарын өз бетінше анықтап , басқаларды да дамуына өз әсерін  тигізе алады.

Мектептегі оқу тәрбиелеу жүйесін басқарудың, бағалаудың, ұйымдастырудың  жаңа мазмұнын  ойлап табу арқылы өмірге енгізіп, өз тәжірибелерін  таратуға  мүмкіндік алады.

Мектеп, ұстаз, ата – аналардың  педагогикалық ынтымақтастығының дамуына әсерін тигізе  алады.

RWCT мектебі
І. «RWCT мектебі» болу қандай мүмкіндіктер береді:
  1. ҚазОА –ның ұйымдастырған барлық іс –шараларына қатысу;
  2. Жеңілдік
  3. Тегін қызмет

 ҚазОА –ның ұйымдастырған барлық іс –шараларына қатысу:

  • ҚазОА-ның мүшелігіне кіру (2500 теңге, жылына 1 рет)
  • Халықаралық, Ұлттық, Қалалық Оқу конференцияларына қатысу;
  • Бүкілдүниежүзілік оқу күніне байланысты өтетін іс-шарасына қатысу;
  • Бүкілдүниежүзілік сауаттылық күніне байланысты өтетін іс-шарасына қатысу;
  • «Отбасылық сауаттылық» сабақтарына қатысу;
  • «Оқырмандық» клубтарға қатысу;

 Жеңілдік қызметі:

  • Дамыту семинарларына қатысуға 50 пайыз жеңілдік;

          (Мысалы: «Әрекетті зерттеу» дамыту семинары)

Тегін қызмет:

  • «Дауыс пен Көрініс» журналын алу;
  • «Дауыс пен Көрініс» журналына мақалаларын жариялау;
  • RWCT тренерлерімен бірге сабаққа қатысу мен талдау жасауға қатысу;
  • Шеберлік сыныптарына қатысу;
  • ҚазОА   басқармасы мен мүшелерімен қызығушылықтары бойынша өтетін кездесулер, сұхбаттарға қатысу;
  • Мектеп әкімшілігінің педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңесті жаңашыл формада өткізуіне көмек көрсету;

 ІІ. Мұғалімдерге не береді:

  • Сабақ жоспарын жазуда өз тәжірибесі арқылы терең көре алуына;
  • Басқару және ұйымдастыру қабілетінің дамуына;
  • Өзіндік пікірінің қалыптасып, өз көзқарасында қалуына;
  • Қала, республика көлемінде тәжірибесін шексіз таратуға ;
  • Қалалық, республикалық мұғалімдер конкурсына қатысуда жобаны пайдалану тәжірибесін қолдануға;
  • Әлемдік білім беру жүйесінің соңғы жаңалықтарымен сайт, басылымдар арқылы танысуға; (rwct.kz   reading.org)
  • Өте бай ресурс көздерін қолдануға (С.Мирсеитованың «Кәсіби Даму Мектебі» сериясы бойынша жазылған 17 кітабымен оқып – танысу. Ең алғаш «Сыни ойлауды дамыту» кітабы 2000 жылы жазылды, авторы - С.Мирсеитова;)

«№48 RWCT мектебі» жетістіктері:

№48 мектеп 2006 жылдан RWCT мектебі статусына ие;

  1. Мұғалімдердің кәсіби даму жетістігі: (3 жыл ішінде )
  • Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің күрт өсуі;
  • «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының курстарын оқып, философиясы мен әдістерін сабақтарында пайдалануы;
  • Оқушыға бағытталған, сыни ойлауды дамытатын, жаңаша жоспарланған сабақтардың өтілуі;
  • Жайлы микроклимат пен қарым-қатынас философиясының өзгеруі;
  • Барлық педагогикалық кеңестер мен әдістемелік кеңестердің жаңашыл формада, топтық жұмыстар арқылы өткізілуі;
  • Дамыту семинарларының үздіксіз өткізілуі;
  • Мұғалімдердің   ҚазОА атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты, білім магистрі С.Мирсеитова өткізген «ПИЗА- 2009» бойынша 4 дамыту семинарынан қатысуы;
  • Сыныптарда «Отбасылық сауаттылық» сабағының жаппай енгізілуі;                        
  • Мұғалімдердің оқушылармен Ұлттық кітапханада дүниежүзілік Оқу күндерін өткізуі;
  • Мақалаларының басылымға жариялануы- 104 (40 пайыз)
  • Қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуы -120 (40 пайыз)
  • Аттестаттаудан өтуі-74 мұғалім;
  • Ең үздік авторлық бағдарламаға қатысуы;
  • Қалалық эссе байқауларында жүлделі орындардан көрінуі;
  • ЕҰУ-нің базалық мектебі (екіжақты келісім шарт)
  • «RWCT мектебі» базалық мектебіне айналуы;
  • 2014 жылдың наурыз айында Халықаралық онлайн конференция өткізу жоспарлануда (АҚШ, Филлипин, Мексика, Малайзия)
  • Жақында 8 қыркүйек бүкілдүниежүзілік Сауаттылық күнін өткіздік. Үздік эсселер ЮНЕСКО-ның сайтына жіберілді. (ағылшын тілінде)

       Оқушылардың   жетістігі: (3 жыл ішінде )

  • Республикалық ғылыми жоба-5;
  • Халықаралық жоба-22;
  • Қалалық олимпиада-6;
  • Қалалық эссе байқауы-27 орын;
  • Республикалық эссе байқауы-5.
  • Махамбет, Абай, Мұқағали, Сәкен, Есенберлин оқулары- жүлделі орындар;
  • Қалалық ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, зерттеу жұмыстарына қатысуы-30;
  • Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, зерттеу жұмыстарына қатысуы

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png