Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      



№48 мектеп-лицей мемлекеттік мекемесі  2003 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мектепте 2 эксперимент алаңы жұмыс істейді. № 48 мектеп-лицейі республикалық үш тілде дәріс беру тәжірибесінің алаңы. 2011-2012 оқу жылынан  «Жетістіктер мектебі» эксперименті негізінде  жұмыс жүргізіліп отыр. 2012 жылы RWCT мектебі» атағына ие болған. 2011 жылы e-learning жобасы  енгізілді. 2014 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен екіжақты келісім-шартқа қол қойылды, базалық мектебі болып бекітілді.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- халықаралық сапа талабына сай білім және білік сапасының көрсеткіші. Мақсаты: Халықаралық сапа талабына сай соңғы нәтижеге бағытталған жекелеп, деңгейлеп білім беру.

Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйелі жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылында №48 мектеп- лицей мұғалімдері  қалалық «Үздік практик психолог»  конкурсында жүлделі (ІІІ) орынға,  қалалық «Инновациялық-педагогикалық идеялар  фестивалі» конкурсында жүлделі (І,ІІ) орындарға, республикалық «Үздік психолог» конкурсында  «Үздік практик психолог» номинациясына,  Қостанай қаласында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты ХІ республикалық  педагогикалық олимпиадасында жүлделі (ІІ) орынға ие болды.  Қалалық «Ең үздік қоғамдастық»  конкурсында  (деңгейлік курстан өткен мұғалімдер)  жүлделі (І) орынды иеленді.

Мектепте «Жас ғалым» ғылыми қоғамы құрылған. 2015-2016 оқу жылында  аудандық олимпиадада 30 жүлделі орын, қалалық олимпиадада 9 жүлделі орын, қалалық ғылыми жоба сайысынан 9 оқушы жүлделі (ІІІ) орынға ие болса, республикалық ғылыми жоба сайысында  5 оқушы  І, ІІ орын  жүлдегері атанды. Халықаралық ғылыми жоба сайысына 3 оқушы қатысып,  жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Оқушылардың білім сапасы 2016-2016 оқу жылы 69,9. ҰБТ нәтижесі бойынша 90,02 пайыз.

Тәрбие саласында да орасан зор жетістіктер бар. Қалалық «Шаттық» фестивалінде  3 алтын (“Домбыра-дастан” домбырашылар оркестрі,  “Қарлығаш” драма үйірмесі,  “Шашу” халықтық би ансамблі) 3 қола  медальға ие болды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар арасында өткен «Тәрбиеден тағылым»  атты қалалық конкурсында жүлделі  (І) орынға ие болды.

№48 мектеп-лицей директоры – Садыкова Зауре Жакановна.  «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі»,  Қазакстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты», «Қазакстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі иегері, «Шаттыққа 10 жыл» медалі иегері.  

Мекен жайы – Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png