Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
Сабақты талдау және сабақты мұғалімнің өзіндік талдауыМақсаты: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігін арттыру , сабақты талдау және   сабақты  мұғалімнің өзіндік талдауы  туралы түсінуіне жағдай жасау

Қолданылатын әдістер: «Ой шақыру», «Ұқсастық пен даралық», ББҮ кестесі

Мұғалімдер топқа бөлінеді:
  • Талдау деген сөзді қалай түсінесіздер?
  • Талдаудың қандай түрлерін білесіздер?
  • Талдау не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Мектеп әкімшілігі сабаққа қатысар кезде мынаны ескереді:          

Сыйлау принципі мен адамға сену  ( Ю.А.Конаржевский)
Конструкциялық талдау міндеттері ( мерзімі мен мақсатын айту) Сабаққа қатысар кезде осы  2 принципке көңіл бөлу керек.

Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдаудың негізгі талаптары:

  • Сыныбы, пән, мұғалімі, уақыты
  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты, оқытылатын тақырыптың мазмұны,  сабақ түрі
  • Саабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері
  • Сабақтың басталуы ( мұғалім мен оқушы байланысы, тәртібі, дайындығы)
  • Үй тапсырмасын тексеруге арналған әдістер
  • Жаңа материалды оқып  білудің, түсіндірудің  ғылыми идеялық бағыттылығы
  • Көрнекілік, техникалық құралдар,дидактикалық материалдар
  • Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы.Оқушылардың білім, іскерлік пәнге деген қызығушылық дағдыларын игеруін бақылау.
  • Жаңа материалды бекіту. Өмірмен байланыстылығы, оқушының ойын байытуға, білімін тереңдетуге түгелдей қатысты.
  • Үйге тапсырма беру әдістері, тәсілдері.
  • Бағаның қойылуы .
  • Сабақ үстіндегі мұғалім шеберлігі, мәдениеті.
  • Түсіндірген материалды оқушының меңгеруі.
  • Оқушының өз бетінше  жұмысы
  • Жекелеп, деңгейлеп, дамыта , топпен оқыту  әдістері
  • Сабақтың қорытындысы        

 5______________________________________________________________

 4______________________________________________________________

 3______________________________________________________________

 2______________________________________________________________

 1_______________________________________________________________________

 1     2     3     4     5     6    7    8      9      10      11      12      13      14      15      16       

  • Сабақтың  білімділік мақсатын орындау
  • Тәрбиелік мақсаты
  • Дамытушылық мақсаты
  • Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
  • Қойылған баға нақты білімге сай ма?
  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Пәнаралық байланыс
  • Берілген тапсырма оқушының жас ерекшелігіне сай ма?
  • Оқушы белсенділігі.
  • Мұғалімнің сыныпты меңгеру деңгейі.
  • Көрнекті құралдарды тиімді  пайдалануы.
  • Сабақтың өмірмен байланысы.
  • Мұғалімнің сырт бейнесі, сөйлеу мәдениеті.
  • Оқушының сабақтағы тәртібі.
  • ТСО пайдалануы.
  • Жаңа технологияны пайдалану.
  • Уақытты тиімді пайдалануы.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша  сабақ талдау үлгісі:

Мұғалім ролі: бағыт беруші, көмектесуші, үйрену ортасын құрушы, жағдай туғызушы,

себепші

Оқушының рөлі: ізденуші, өз бетінше білім алушы,үйренуші,

Сабаққа дайындалу 3 кезеңнен тұрады:

Сабаққа дейін: менің сабағымның құндылығы неде болмақ?

Сабақ  кезіндегі: сабақ мазмұнын ашуда оқушылар нендей жаңалықтар ашып, өмірмен қалай байланыстырады?

Сабақтан кейін:

сабақтан күткен ойларға жетудегі сәттіліктерім мен кедергілерді қалай бағалай аламын?

Сәтті өткен тұстары:

  • Ойыңыздан шықпаған сәттерін сипаттаңыз
  • Сабақ барысында туындаған сұрақтар(тәртіп, стратегия, мұғалім, сатылар)
  • келесі рет осылай сабақ өтуде нені өзгертер едіңіз?
  • Өз сабағың  туралы ойыңыз қандай?
  • Сабақта сізді таңқалдырған жайттар
  • Сәтті, сәтсіз өткен  тұстары туралы не айтар едіңіз?
  • Сіз қалай ойлайсыз, қандай идеяларды қарастырдыңыз?
  • Жұпта, топта бір-біріне қалай көмектесе алды?
  • Келесі сабақта нені өзгертер едіңіз, сабағыңызды неден бастағаныңыз жөн деп ойлайсыз?

Өткен сабаққа ойтолғаныс жазу

Сабақты талдаудан кейін алған әсер - Сізге осы поцесте не әсер етті?Неліктен әсер етті деп ойлайсыз?

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png