Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАРЫ» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Қараша айының 13-18 күндері аралығында мектепте  «Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы өткізілді. Апта бойы өткізілген іс-шаралар тілтанушы, зерттеуші, ғалым, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлына арналды. Осы бағытта  пән мұғалімі А.Әбуева 10-11-сынып оқушылары арасында «Ұлт қайраткері – А.Байтұрсынұлы» атты танымдық-зерттеу конференциясы өткізсе, орта буын оқушылары арасында ақынның өлеңдерін оқу(ұйымдастырушы М.Тлейхан), мысалдары бойынша сахналық қойылымдар және суреттер сайысы (ұйымдастырушылар Ж.Аренова, А.Магзумова), ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты білгірлер сайыстары(ұйымдастырушы Н.Смагулова) өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Капшаева 11 «А» сыныбында ақынның «Маса» жинағы бойынша зерттеу сабағын өткізді. Апталық қорытындысы ретінде пән мұғалімдері Л.Ильясова мен А.Момынқұлованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға филология ғылымдарынығ докторы, профессор Б.Әбдуалиұлы, Халықаралық тілші, алаштанушы, «Алаш» зерттеу институтының директоры Сұлтан хан Аққұлұлы қатысты. Мектеп оқушылары ЕҰУ-нің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, апталық жеңімпаздары ғалымдардың қолынан мадақтама қағаздарын алды.

«Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығының жоспары


«Ұлт қайраткері – А.Байтұрсынұлы» атты танымдық-зерттеу конференциясында 11 «Д» сынып оқушысы Тоғанбек Аяна жұмысын қорғауда


«А.Байтұрсынұлы: Ел – бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты көркемсөз оқушылардың сайысынан көрініс


«Сөз көсемі - Ахмет» атты білгірлер сайысына қатысушы оқушылар


А.Байтұрсынұлының мысалдарынан көрініс


Апталық жұмыстары көріністерінің жариялануы


А.Байтұрсынұлының шығармалары бойынша салынған суреттер көрмесінен


«Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты конференцияның қонағы филология ғылымдарынығ докторы, профессор Б.Әбдуалиұлы


Пән мұғалімі Г.Капшаева 11 «А» сыныбында А.Байтұрсынұлының шығармаларына арналған ашық сабақ өткізді.


Жеңімпаздарды марапаттау сәтінен


*******
ТІЛІ БІРДІҢ, ТІЛЕГІ БІР

Мектебімізде  7-8 сыныптар  арасында  тіл  мерекесі  қарсаңында «Достық» фестивальі өз дәрежесінде өтті. Тіл мерекесі  еліміздің  ең жарқын  мерекелерінің  бірі, себебі тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл бейнесі, тыныс тіршілігінің  көзі. Осындай мәртебелі мерекеге оқушылар  өз  үлесін  қосты.  

   Бас жүлде- 8 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Аяшев Ерлан Нұрланұлы

    1-орын–  7 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Темиркулова Сандуғаш Қайнарбекқызы

    2-орын- 8 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Қапшаева Гүлшат Аблашқызы

                   8 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Ильсова Ләззат Бақтыбайқызы

    3-орын- 7 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Ибраймова Қамажай Ибрайымқызы

                   7 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Абдукаримова Баян Құлахметқызы

                  8 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі Азимбаева Жұлдыз Түзелқызы

Оқушылар барлық ұлттың ән-жырын, дәстүрін,ұлттық киімдерін  ерекше  көрсетіп, мектеп  әкімшілігін  қуантты. Оқушылар әзірлеген  көрме де  өте  жақсы болды. Мектеп  директоры Зауре Жақанқызы фестивальге  қатысқан  оқушыларға, азербайжан  ұлтынан  келген құрметті  қонақтарға қазақ, орыс, түрік, неміс, ағылшын тілдерінде өз   тілегін   айтып таңқалдырды.      Осы игі іс-шараны  ұйымдастырған 8 А  сынып жетекшісі  Бакенова Айгүл Баяқышқызы  да    өз шеберлігін көрсетті.

Қатысқан оқушылар  көп ұлттың  салт-дәстүрі, тарихымен танысып, мағлұматтар  алды. Тіл мәртебесі  мәңгілік биік болсын!





*******

Өткізілген іс-шаралар
«ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ» АТТЫ АҚЫН ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

      «Поэзия падишасы» атты ақын Фариза Оңғарсынованы еске алу әдеби-сазды кешті кешегі жұмада  9 «А» сынып оқушылары жоғарғы деңгейде өткізді. Кешке Еуразия Ұлттық университетінен құтты қонақтар да келді. Олар: филология ғылымының докторы Бекжан Абдуалиұлы мен тарих пәнінің докторы,  доцент Жамаладен Ибрагимұлы. Ғалым ағаларымыз оқушылардың өткізген іс-шараларына дән риза болып, алғыстарын айтты.

   9 «А» сынып оқушыларына үлкен шығармашылық ізденіс пен терең білім тілеймін!








*******

2015-2016 оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестіктің І отырысында оқу жылына арналған нұсқаулық хатпен, Тамыз кеңесінің құжаттарымен танысып,  жұмыс жоспар, сабақ жоспарлары жасалып, бекітілді.

Бірлестік мұғалімдері аталған бағытта жұмыс жасай отырып, халқымыздың тіліне, салт-дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс-тіршілігіне, рухани қасиеттеріне деген құрмет сезімін оятуды мақсат етуде. Қазақ тілі бірлестігінің жұмысы Астана қаласы Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты қазақ тілі бөлімінің нұсқауларын тікелей басшылыққа алады.

Бірлестік ұжымы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Әдіскер» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы, «Қазақстан мұғалімі», «Шың» басылымдары мен «Ана тілі», «Астана ақшамы» газеттеріне жазылып, оқи отырып, жаңа білімдерін жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырып, жетілдіріп отырады. Сонымен қатар өздерінің үздік ашық сабақ жоспарларын әріптестеріне ұсынады. Оқушылардың тілге, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сезімдік түйсік қабілетін, санасын, ынтасын ояту мақсатында лицейдің беделді мұғалімдері еңбек етуде.

Лицейде оқушылардың тілге деген қабілеттерін өркендету, ой өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін жетілдіру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, еліміздің егенмендігін , этномәдени бірлігін, әдеби, мәдени байлықтарын игерту мақсатымен жоғары санатты мұғалім А.Момынқұлованың жетекшілігімен «Отбасылық – оқу клубы», «Шешендік өнер» факультативтері өтеді. Сабақтарда белгілі қазақ жазушыларының әңгімелері мен шығармаларымен танысып және ұлттық құндылықтарды игеріп, білімдерін толықтырып, ата-аналармен бірлескен оқырман конференцияларын өткізіп отырады.

Лицейде іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білу мақсатында 4,9,11 сыныптардан арнайы тестік бақылаула жасалып алынады. Басты мәселе – 11 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен ҰБТда жоғары нәтиже көрсету мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырды, алынған тест нәтижелеріне сараптама жасады. Қалалық Білім басқармасы,  Тілдерді дамыту бөлімімен, «Руханият» орталығымен тығыз байланыста бола отырып, соның нәтижесінде бірнеше іс-шараларға қатысты.

2015-2016 оқу жылында 9-11 сыныптарға «Абайтану» курсы жүргізіледі. Курсты жоғары санатты мұғалімдер өтеді. «Абайтану» курсы белгіленген мемлекеттік бағдарлама бойынша жүреді.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png