Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      


Жетістіктер мектебі
     Мектептің соңғы жылдар жұмысының талдауы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруында біртұтастық жоқ екені, балалармен атқарылатын жұмыстарда жүйе жоқтылығы бір жақтылыққа әкелетіні белгіленді. Оқушылар мен ата-аналары үшін жақсы баға алу мақсатқа айналған, ал көп жағдайларда ол білімнің нашарлауына әкеліп соғатынын ойламайды (осы мәселе негізінде өткізілген диагностикалар оқушылардың білімінде мін бар екенін көрсетті).
     Білім алуда баланың танымдық қызметіне ынтасы болмағандығы, оқушылар арасында рейтинг шығарылмағандығы, білімдерінің мониторингі шығарылып отырмағандығы, мектептің негізгі қызмет көрсеткіші – осының бәрі нәтижеге бағытталған жетістіктердің жойылуына әкеледі.
     Осы проблемаларды зерттей келе 2011-2012 оқу жылынан бастап, мектеп қала көлемінде 5 жылға жоспарланған «Жетістіктер мектебі» тәжірибесін (даму бағдарламасы) бастады. Дайындық кезеңі 2010-2011 оқу жылынан бастап, авторитарлық жолдан менеджментке дейін: ұстаздардың бастапқы жұмысқа басқару құралымы өзгертілген шарттарда жұмыс істеуіне дайындық жүргізілді.
     «Жетістіктер мектебі» даму бағдарламасы – мектептің білім беру қызметі, білім үдерісіне қатысушылардың ынтымақтыстығын, соңғы жетістікке жету жолдарын, құндылықтар мен көзқарастарды бейнелейтін ұзақ мерзімді нормативтік құжат.
Бағдарлама:
  • мектеп жұмысының тиімділігін, проблемалары мен негізгі мақсаттарын бағалауға;
  • қушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
  • бағдарламаның соңғы жетістікке жетуін болжау.        
     «Жетістіктер мектебінің» концепциясы сүйенетін негізгі қағидасы «жетістік» ұғымы мектептің нәтижелі даму сатысында келесі бағыттар бойынша көрініс табады:
  • жетістікке жете алатын тұлғалық қасиеті дамыған оқушыдан;
  • жетістікке жете алатын   жоғарғы дәрежедегі маман ұстаздан;
  • табысқа негізделген жетістіктер мектебінен.                                                                  
Мектептің мақсаты: оқушылар үшін қолайлы орта жасай отырып, білім жетістіктеріне жету.
Негізгі міндеттер:    
  • Оқушылардың тәрбиесі мен білім сапасын дамыту;
  • Оқушылардың мектепке деген қарым-қатынасы мен көзқарасын дамыту арқылы мектеп абыройын арттыру;                                                                                
  • Мектеп өмірінің шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігін дамыту мақсатында жобалау дағдысын қалыптастыру;
  • Мұғалімдердің кәсіби маман болып қалыптасуын нығайту;
  • Мектептің біртұтас ақпараттық алаңын ұйымдастыру;
  • Өзара сыйластық пен әрекеттенудің байланыс жүйесін құру: ата-аналармен, билікпен, кәсіпорындармен, қоғамдық әлеуметтік     институтпен, оқу орындарымен;
  • Жетістіктер мектебінің бағытты жұмыстарын дамыту.
  • Жетістіктер мектебін мазмұнды, сапалы деңгейге жеткізетін мектеп жұмыс жүйесін қалыптастыруды бастау.
Күтілетін нәтижелер:
  • Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жоғары нәтижеге жету жеделдейді, негізгі құрылымы   жүйеленеді;
  • әлеумет алдындағы мектептің мәртебесі көтеріледі;
  • күтілетін білім сапасына жетеді;
  • білім мазмұнының жаңаруы мен оқыту технологиялары заман талабына сай болады;
  • білім беру мекемесінің   тәрбие саласындағы мамандануынан, оның ең өзекті мәселе жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыруынан білінеді;
  • білім беру процесінің өсу деңгейіне ата-аналардың қанағаттанады, жоғары баға береді;
  • білім мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісіндегі оқыту технологияларын таңдауда, оқушы мен ата-ананың ынтасы мен қызығушылығы есепке алынады;
  • оқушылардың денсаулығын сақтауда мұғалімдердің ықпалы мен көмегі болады;
  • дене тәрбиесі жұмысының жүйесін жақсарту арқылы әр тұлғаның дамуына мүмкіндік жасалады;
  • мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында біліктілігін арттыру дайындықтарынан өтеді;
  • құжаттардың айналымда автоматты түрде жүйеленуі: бағдарлама, әдістемілік құралдар, аналитикалық талдаулар мен есептерге байланысты болады;
  • білім беру процесіне қатысушылардың қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеті деңгейі өседі;
  • білім алушылар күні бойына жоғарғы дәрежеде шаршамай білім алу мүмкіндігіне ие   болады;
  • әлеуметке тез бейімделеді;
  • білім алуға жоғарғы дәрежедегі қызығушылығы болады;
  • білім алушылардың жоғары дәрежедегі қанағаттануы мен эмоционалды көрсеткіштері болады.
Бағдарламаны құрастырушылар
РФ Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының тәжірибелері негізінде Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Садыкова Зауре Жақанқызы құрастырған бағдарлама.
Бағдарламаны орындаушылар
Мектептің әкімшілігі, педагогикалық ұжым, оқушылар ұжымы, ата-аналар және әлеуметтік әріптестер қоғамы.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
Бағдарлама ұзақ мерзімге бағытталған: жүзеге асыру мерзімі 2010-2015 жж.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png