Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылдың 14 ақпаны  күні Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде   Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғалымдарымен кездесу болып өттті. Кездесуге Еуразия Ұлттық Университетінің  механика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Ибраев Асқар Ғазизханұлы, жоғары математика кафедрасының меңгерушісі  физика-математика ғылымдарының кандидаты Идрисов Жұмабай Молдақадырұлы,алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі PhD (философия  докторы) Қозыбаев Данияр Хайбилдаұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сарсекеев Абдрахман Сапарович  қатысты.

Кездесуді мектеп директоры Қазақстан Республикасы білім беру ісінің       үздігі Садықова Зауре Жақанқызы бастап ашып берді.Мектебімізде бұған дейін де Елбасымыздың жолдауы негізінде  көптеген іс-шаралар жүргізілді.Соның ішінде   математика, физика, информатика пәндері апталығы аясында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішінде  нақты пәндерге қатысты мәселелер туралы ғалымдардың пікірлерін тыңдау мектеп бітіргелі отырған 11 сынып оқушылары үшін өте пайдалы болды. Сонымен қатар , мамандық таңдау кезінде толық шешім қабылдай алмай отырған болашақ түлектер үшін ғалымдармен кездесудің әсері керемет болды.Оқушылар өздерін ойландырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап алып,қуаныштарында шек болмады.Кездесудің соңында  мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын Момысқызы қонақтарға өз алғысын білдірді.

*****
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕПІЛІ" ТАҚЫРЫБЫНДА МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕР ОНКҮНДІГІ ӨТКІЗІЛДІ.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты,компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Қаңтар айының 29 мен ақпан айының 9 күндер аралығында мектебімізде "Рухани жаңғыру: озық ойлы оқушы қалыптастыру кепілі"  тақырыбында математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өткізілді.

Мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Бірлестіктің онкүндік  жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.



Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін,тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. 


Барлық сабақтар жоғары деңгейде өткізілді, оқушылар интербелсеңді тақтаны пайдаланды. 

Онкүндік  барысында әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға  мүмкіндік алды.  Ашық сабақтардан бөлек сыныптан тыс шаралар да өткізілді. Атап айтсақ,

5-сыныптар арасында "Математика әлеміне саяхат"

6-сыныптар арасында "Қызықты математика"

8-сыныптар арасында "Геометриялық фигуралар әлемінде"

атты сыныптан тыс шаралар өтті. Әрбір сабақ соңында сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа талдау жасады, өз ойларымен бөлісті, сабаққа өз бағаларын беріп отырды.



5 "Д" сынып, жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағынан  көрініс




*****
2016-2017 оқу жылының басында математика, физика және информатика пәні мұғалімдері әдістемелік бірестіктің І отырысында оқу жылына арналған нұсқаулық хатпен, Тамыз кеңесінің құжаттарымен танысып,  жұмыс жоспар, сабақ жоспарлары жасалып, бекітілді.

Математика, физика және информатика ӘБ-нің мұғалімдері жайлы ақпарат

2016-2017 оқу жылында математика, физика және информатика бірлестігінде  17  мұғалім сабақ береді.

Мұғалімдердің  сапалық құрамы

  • Жоғарғы біліктілік санатты мұғалімдер саны- 9
  • Бірінші біліктілік санатты мұғалімдер саны- 5
  • Екінші біліктілік санатты мұғалімдер саны- 0
  • Санаты жоқ маман- 3 

Математика  пәні бойынша жазба жұмысының орындалу қорытындысы төмендегідей:

 

Сынып

 

Пәні

Бағдарлама бойынша

Орындалуы

Орындалмау себебі

Қыркүйек

Қазан

Қыркүйек

Қазан

 

5-сыныптар

математика

2

2

2

2

 

6-сыныптар

математика

2

2

2

2

 

7-сыныптар

алгебра

1

2

1

2

 

 

геометрия

-

2

-

2

 

8-сыныптар

алгебра

2

1

2

1

 

 

геометрия

1

-

1

-

 

9-сыныптар

алгебра

1

1

1

1

 

 

геометрия

-

-

-

-

 

10-сыныптар

алгебра

1

1

1

1

 

 

геометрия

-

1

-

1

 

11-сыныптар

алгебра

1

1

1

1

 

 

геометрия

-

-

-

-

 

 

 

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png