Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейдің
директоры З.Садықованың

  Қ ұ т т ы қ т а у    с ө з і

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР! СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Әрбір адамның өміріндегі  ерекше ұмытылмас балалықтың балғын сәті - ол ең алғаш рет мектеп есігін ашып, алғашқы қоңырау  үнінің сыңғырын естіген күні. Әр ата - ана болашағынан үміт күткен балапанын үкілеп,  мектепке жетелеп әкелсе, алғашқы ұстазы  шәкіртін асқақ арманымен қарсы алады.

Бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіретін  - ұлы мереке!  Бұл - еліміздің болашағын  айқындайтын қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Дәл осы күннен бастап, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен бірге алтын ұя мектепке келген  әрбір тұлғаның азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Күздің бүгінгі жайма шуақ күні көңілдеріңізге нұр құйып, жаңа жетістіктер мен оң өзгерістерге жетуге, келешегіміз кемел, болашағымыздың нұрлы болуына тілектеспін!

Бүгінгі күн сіздер үшін Білімге деген сапарларыңыздың Алтын көпірі болсын!


 № 48 мектеп - лицей директоры Садыкова Зауре Жакановна


******************



            Қазақтың Ұлы даласына егемендіктің есігін ашқан Тәуелсіздік күнімен 
Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

            Тұғыры биік Тәуелсіздігіміз жасай берсін!

Отбасыларыңызға – береке, бірлік,

Дендеріңізге – саулық,

Жандарыңызға – тыныштық тілеймін!

Құттықтаушы:   Садықова Зауре Жақанқызы

*****************

Сіздерді санаулы күндерден кейін  төрімізге енетін Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Тұғыры биік Тәуелсіз Отанымыз жасампаздық пен тұрақтылықтың, жаңа жетістіктер мен маңызды мүмкіндіктердің жылы болған тағы да бір сындарлы жылды артқа тастап, Жаңа жылға қадам басқалы тұр. Босағадан аттағалы тұрған Қой жылы жүрек түкпіріндегі ой-қиялдарымыздың шырақшысы болсын. Қазақ халқы ықылым заманнан Қой жылымен үкілеген үміттерін байланыстырып отырған. Халқымыз ең бір бақытты күндерін «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманға» теңеген . Келер жыл Сіздер үшін береке мен бірліктің , болашаққа деген сенімділіктің қайнар көзі болып, жаңа биіктерді бағындыратын жемісті жыл болсын, бар арман -мақсат, үміт-тілектеріңіз орындалсын! Бастаған игі істеріміз нәтижелі, келешегіміз кемел, болашағымыз баянды болсын!
Құттықтаушы:   Садықова Зауре Жақанқызы

*************

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!  
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!



Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

Наурыз – жылдың алғашқы  күні. Түптен келгенде, біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет...  Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.  Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу, осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той – Наурыз тойы!  Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық. 

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Биылғы жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
Құттықтаушы:   Садықова Зауре Жақанқызы

********************

Педагог  табысының тарихы

      Зауре Жакановна жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз ретінде оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру мақсатында «Дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты шығармашылық тақырыбы бойынша еңбек етіп келеді. Зауре Жакановна 20 ғылыми мақала, «Жетістіктер мектебі» озық тәжірибесінің және «Көптілді оқыту жүйесінде дарынды балаларды дайындаудың дидактикалық жағдайы» атты ғылыми жұмыстың авторы. 2010 жылы «Талантты педагогтен интеллектуалдық технологиялар арқылы дарынды оқушыларға» атты республикалық педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жаңашыл ұстаз» номинациясына ие болды. Дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі арқылы мектеп басшылары мен мұғалімдерінің республикалық семинар, конференцияларында республикаға кеңінен танылды. 2006 жылы «Қазақ-түрік лицейлерінде дарынды балаларды дамытуға жасалатын жағдайлар» атты  баяндамасы «Дарынды балалар - Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру ұлттық моделінің контексінде» атты Халықаралық ғылыми—тәжірибелік конференциясының жинағына енді. 2007 жылы «Дарынды балаларды таңдау мәселесі» атты мақаласы «Дарын» журналының  №1 санына жарық көрді.
       Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай өткізген «Ради жизни на земле» атты ашық сабағы, биылғы оқу жылында «Сергей Есениннің өмірі мен шығармашылығына» арналған әдеби кеші мол ізденіспен, жоғары деңгейде өтілді. Зауре Жақанқызы мектеп басшысы ретінде педагогикалық кеңестің жаңаша, шығармашыл деңгейде өтуіне зор үлесін қосып келеді. «Жетістіктер мектебі», «Интеллектуалдық дарындылық: ақиқаты, проблемалары және келешегі», «Білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі» атты баяндамалары ұжым тарапынан жоғары бағаланды. Мектептің оқу үрдісіне «Нәтижеге бағытталған аралық бақылау сараптамасын» енгізу туралы тәжірибесін әдістемелік кеңесте таратты. 2011 жылы Зәуре Жақанқызының ұстаздық тәжірибесі жайлы Республика.KZ журналына Наталья Зеленяның "Ожидание чуда на каждом уроке» атты мақаласы жарияланды. 2011 жылдың тамыз айында өткен «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Дарындылық: ақиқат, проблемалар, келешегі» атты баяндамасымен республика мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.  
       Садықова Зәуре Жақанқызы 2012 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен дарынды балаларға білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында «Жетістіктер мектебі» авторлық бағдарламасымен  жүлделі ІІІ орынды иеленді.
      2012 жылдың 30 қазанында «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптама, апробация, мониторинг жүргізу және басып шығару жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында қатысып, баяндама оқыды. Зәуре Жақанқызы–білікті ұйымдастырушы, талантты ұстаз, еңбекқор жан.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png