Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Дамыту семинары

Мектепте оқу мен тәрбие  сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Кәсіби білімін көтеру- бұл кез-келген  кәсіпте жұмыс істейтін  адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет.

  Мұғалімнің кәсіби  білімін көтеруі қажеттілігін туғызып отырған мотивтер:

-          Күнделікті ақпаратпен жұмыс;( күнделікті толассыз ақпарат көзін меңгеру)

-          Шығармашылық талпыныс;

-          Қазіргі заманғы ғылымның дамуы ( педагогика, психология);

-          Қоғам өміріндегі өзгерістер;

-          Бәсекелестік;

-          Материалдық стимул;

-          Қызығушылық

-          Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы;

Оқу жылының аяғында   мұғалімдердің оқу-тәрбие қызметіндегі қандай бағыттар бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатындарын  және  қай жерден қиындық көретіндерін анықтау мақсатында анкеталар, сұрақтар қою арқылы  барлық мұғалімнің диагностикалық картасын жасадым. 

Мұғалімдер үшін қиындық тудыратын тақырыптар бойынша төмендегідей тақырыпта   дамыту семинарлары өткізілді:

-          «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету»

-          Оқушылардық функционалдық сауатылығын дамыту;

-          Дарындылық: интеллектуалдық дарындылық;

-          «Оқуға үйрену және немесе үйрену үшін оқу»

-          Кәсіби даму мектебі-ізденіс және зерттеу ретінде;

 

Жаңаша үрдісте өткізілген іс-шаралар қандай нәтиже береді:

 Дәстүрлі өткізілген жиналыстарда нақты тапсырма алған мұғалімдер ғана сөйлейді де, қалғаны ешқандай әрекет жасамайды.
    Енді қазіргі өтіп жатқан  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту шаралары жүйелі, барлық мұғалімге ұнайтындай, қолайлы ортада өткізілуде. Әр мұғалім   мектептің даму жолын белгілеуде өз мүмкіндіктері мен тәжірибелерін ортаға сала алады.

Бұл  мұғалімдерге не береді?

-          өзін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап іздеуге;

-          өз ойын ашық айтуға;

-          кәсіби білімін жетілдіруге;

-          жеке шығармашылық жобасын ұсынуға, қорғауға;

-          бір-бірімен ақпараттармен алмасуға;

-          ұжымдық ізденісі қалыптасуына;

«Бірлік бар жерде тірлік бар дегендей» бірлесе әрекет ету арқылы «RWCT» жобасының философиясы негізінде балалардың дамуына ықпал етеді. Оның дәлелі  біздің биылғы жылғы жеткен жетістігіміз.

«Функционалдық сауаттылық : бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласы білім басқармасының бастауыш сынып әдіскері Ақмоншақ Нұғман және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семнардың теориялық бөлімінде филология ғылымының магистірі ҚазОА атқарушы директоры Сапаргул Мирсеитова «Оқуға үйрену және немесе үйрену үшін оқу» тақырыбында тренинг өткізді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде 4 «Д» сыныбында  дүниетанудан «Ауа райы.Ауа райын болжау және оның мәні» тақырыбында  Айсұлу Кажуева ,  4 «А» сыныбында әдебиеттік оқудан «Сыбызғышы» ертегісін Маржан Аубакирова , әдебиеттік оқудан «Мейірім» мәтінін Үкіжан Қабыкеева сыни ойлау философиясы бойынша жоғары дәрежедегі сабақтар өткізді. RWCT жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері Алтын  Момынқұлованың «Отбасылық  сауаттылық» жобасы негізінде 3 «Г» сыныбында Салима Мұсабаева    ата-аналар мен балалардың бірлескен оқырман клубының «Менің сүйікті кітабым» атты сыныптан тыс жұмысын көрсетті
Қала көлемінде өткен семинардың ойтолғанысын мектеп директорының  ғылыми-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары , Астана қаласы «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің директоры Назым Төкебаева  жасады.
Осы семинардың нәтижесінде қатысушылар бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту,  мәтін мен жұмыс жүргізу, оқырмандық мәдениетті дамыту жолдары мен әдістерін үйрене алды.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png