Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары
1. Диагностикалық кезең:
 - Мектеп психологтарының жүргізген зерттеу жұмыстары
 - Сынып жетекшілерінің жүргізген зерттеулері. Алынған сауалнама, сараптау, зерттеу.
2. Оушылардың қызығушылығы мен бағыттарын, бейімдерін анықтап, реттеу кезеңі:
- Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері бағыт бере отырып оқушыларды топтарға бөледі.
 - Оқушылардың қызығушылығы мен бейімдері бойынша сұраныстарын бақылау.
1. Мектеп-лицейінің мүмкіндіктері мен материалдық базасын оқушылардың сұранысына қарай бейімдеу кезеңі:
 - Дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын балалардың бейіміне қарай құру.
«Өркениет» ғылыми қоғамына мүше болу кезеңі
Ғылыми қоғам (ОҒҚ) өзінің интелектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.
№48 мектеп-лицейінің Ғылыми қоғамы үш бөлімнен тұрады.
3-4 «Мөлдір бұлақ»
5-7 «Мұрагер»
8-11 «Жас ғалым»
  • Мектептің кез келген оқушысы қоғамға мүше бола алады.
  • Қоғам мүшелеріне өз секцияларында барлық мәселесін талқылап, шешім қабылдай алады.
  • Зерттеуші оқушылардың жұмыстарын мектеп мұғалімдері, мамандар, ғалымдар жетекшілік жасай алады.
  • Қоғам мүшелері өзінің зерттеу жұмыстарының барысы жайлы есеп беріп тұрады.
  • Қорытындысы оқушылардың ғылыми тәжірибелік конференциясында ең үздік жобалар анықталып, марапатталады.
  • «Жас ғалым» ғылыми қоғамы мүшелері өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.
Күтілетін нәтиже:
Қоғам сұрансына сай алған білімін өмірде пайдалануға бейімді, рухани бай, ұлтжанды, азаматты құрметтейтін, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, қоғамды игілікті бағытта өзгерткісі келетін мектеп түлегін тәрбиелеу.
 
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.     Питер Клайн
Қазіргі қоғам дамуының ең маңызды факторы - білім мен ғылым. Қазіргі білім беру жүйесінің негізінде салынатын ойдың ең өзектісі тұлғаға бағытталауы. Мектепте бала дарындылығын анықтап, дамуына мүмкіндік беретін орта құру. Оқушылар мен ата-аналардың ұстаздардың ынтымақтастығы нәтижесінде ізденіс пен зерттеу үшін кешенді бағдарламаны жүзеге асыру.
Мектепте оқушылардың ғылыми зерттеу қоғамын құру алдында «Зерттеу сөзінқалай түсінесің?» - Деп сұрақ қойдық. 
Оқушылардың қабылдауындағы «Зерттеу» сөзінің ұғымы:
- Ол жаңалық емес, біріншіден өзімнің білгенімді өз бетімше зерттеп өз жолымды анықтау, одан нәтиже шығару, жүйелеу, саралу;
- Өзім өмір сүріп отырған қоғамның кемшіліктерін түзетуге өзім және басқа адамдарға жәрдем беру, адамдарды ойландыру;
- Ақпараттар ағыны ғасырында өзіме керекші мазмұнмен дұрыс жұмыс істей білу, өз пікіріммен көзқарасымды замандастарыма мәдениетті, сауатты түрде жеткізе білу;
- Жеке тұлғаны дамытпайтын ескі жүйені өзгертуге болатынына көз жеткізу.
Мектеп-лицейде оқушылардың ғылыми зерттеу қоғамды еректі түрде құрылды. Қоғамға шығармашылықпен бірлесе дамығысы келетін оқушылар мүше болды. Балаларға жәрдем бергісі келетін ұстаздар мен ата-аналар да қоғамға мүше бола алады.
Қоғам құру алдында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сұхбат сауалнама алынып, тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылармен арнайы психологиялық зерттеулер де жүргізілді. Тынымсыз ееңбекпен зерттеу нәтижесінде оқушылар ғылыми қоғам мектептен тыс емес, ол әр пәннен өткен сабақтың жалғасы екендігін терең түсінді.
Оқушылардың зерттеу жұмысының дұрыс жүзеге қойылуына қосымша көмектер аса қажет. оқушылардың өз бейімі мен қызығушылығына орай жетекшілік жасайтын ұстаздар бекітілді. Ары қарай әркім өзі зерттеген бағыттағы ғалымдармен де байланысуына мүмкіндік жасау қажет.
І. Оқушының дарындылық қабілетін дамыту бағдарламасы
Дарынды балаларға арналған «Жетістіктер» мектебі оқушыларының интелектуалдық қабілеттерін дамытуды төмендегі бағдарлама негізінде жүргізілу. Аталған бағдарлама оқушының бағыты мен бейімділігіне икемделе отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық, ғылыми-педогогикалық, рухани дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты:
- Мектеп оқушыларының бағыттары мен бейімділектерін зерттеу;
- Дарынды оқушыларды мақсатты түрде анықтау, іріктеу;
- Дарынды балалардың икемі мен бағытына байланысты қосымша білім алуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
- Математика жаратылыс тану пәндерін үш тілді оқыту арқылы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін молайту;
- Оқушылардың бейімі мен бағытына қарай олимпиада мектебіне қатыстыру;
- Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен даму мен іөзденіс формаларын көрсету;
- Дарынды оқушылардың шығармашылық қызметерін ынталандыру;
- Оқушылардың білім алуы мен шығармашылықпен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау.
Дарынды оқушылармен жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілердің міндеттері:
- Мұғалімдер оқушылармен бірлесе жұмыс істеу барысында оқушыны тек ақпаратпен қамтамасыз етпей, оны сапатау, өз ойын жазу, өзінің ізденуі арқылы зерттелетін тақырыптың жаңалығын ашуға көмектеседі және тәжірибесін толықтыра алады;
- Оқушылар бірлесе жұмыс істеу барысында өзінің де зерттеу тақырыбы бойынша идеяларын негізу мүмкіндігін алады;
- Дарынды балалармен сабақтарды ұйымдастыру, жүргізу;
- Дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды жасау, жетілдіру;
- Дарынды оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға, мектепшілік, аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарына қатысу;
Дарынды балаларды дамытуда мектеп пен отбасының байланысын жүзеге асыру:
- Дарынды балалардың тұлғалық пен жастық ерекшеліктерін зерттеу;
- Отбасылық қатынастары мен эмоциялық ереіктік қасиеттерін білу;
- «Отбасылық сауаттылық клубы» жұмысының бағдарламасын жүзеге асыру;
- Ғалым ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
«Дарынды оқушылармен жұмыс» бағдарламасының жүзеге асуы мектептің материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты.
- Мектеп кітапхана қорындағы кітаптарды пайдалану мүмкіндігін толық қамтамасыз ету;
- Мектептегі компьютер сыныптары мен интернет жүйесін пайдалану;
-интерактивті тақта, электрондық оқулықтарды толығымен пайдалану;
- Мамандырылған пән бөлмелерін жабдықтау.   
Дарынды мектеп түлегінің моделі:
- Тұлғалық, бағдарлы тәсілдер негізінде өзін-өзі саналы, кәсіби анықтайтын, құзіреттілігі;
- Әлеуметтену процесін оқытумен кіріктіруге құзіретті;
- Демократиялық қоғам жайында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге құзіретті;
- Республикалық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңестігінде интеграциялау, шетелде білім алуға құзіретті;
- Өзінің алған білімін туған елін көркейтуге, экономикасын дамытуға құзіретті.
Дарынды оқушының негізгі қасиеттері:
- Ойлаудың өзбеттілігі, яғни жаңа міндеттерді алға тарту және ешкімнің көмегенсіз оларды шешу жолдарын табу;
- Бастамшылдық, яғни өзінің тапсырмаларды тұрақты түрде іздеуге талпыну және оларды шешудің тәсілдерін табу;
- Ақыл тереңдігі, яғни заттар мен құбылыстармен жан-жақты қарау;
- Ой жүйріктігі, яғни тапсырмалар шешу жылдамдығы;
- Өзгешелік, яғни жалпы қабылнадған идеялардан өзіндік ой қорытындыларын жасай білуі;
- Талпыну, яғни қойылған тапсырмалар мен мәселелерді шешудің ең тиімді жолын табу қажеттілігі;
- Сыншылдық, яғни зеттер мен құбылыстарға объективтік баға беру, қалыптасқан болжамдар мен шешімдерге күмән келтіру.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png