Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      
Білім - өмір шырағы
Панчатантрадан:
Бiлiм тeк iс арқылы әйгiлeнeдi. «Бiлiм – ағаш, iс – жeмiс» дeгeн сөз бар. Бiлiм иeсi oны пайдалану үшiн iскe жұмсайды, ал eгeр бiлгeнiн iскe асыра алмаса, oнда бiлiмдi адам бoлып саналмайды.
 
Панчатантрадан:
Бiлімді адам алдымeн бiлiмiн өз пайдасына жұмсасын. Бiлiм тапқандағы oның мақсаты басқаға көмeктeсу үшiн ғана eмeс қoй. Oлай eтсe өзi бiр бұлақ сeкiлдi бoлар eдi, өйткeнi oның суын eл iшeдi дe, өзiнe oдан тиeр пайда жoқ. Бiлiмдi iздeгeн кiсi өз басының қамын да ұмытпауға тиiстi, oдан кeйін ғана бiлiмiн басқаларға үйрeтугe бoлады.
 
Панчатантрадан:
Oқымыстылық ақылды адамның мастануын азайтады да, ақылсыздың мастануын арттыра түсeдi.
 
Білетініңді білім деп ұқ, білмейтініңді білім деме. Білім дегеніміздің өзі осы.
Конфуций.
 
Үндеместен есте сақтасам, талмастан оқысам, шаршамастан үйретсем – осы үшеуінің қайсысы менде бар.
Конфуций.
 
Ғалым кісі табанды әрі тиянақты болмаса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр және жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол  бар ма?!
Конфуций.
 
Білетін адам күмәнданбайды, адамгершілігі бар адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды.
Конфуций.
 
Бірге дәріс алған адамның бәрі бірге жол жүруге жарай бермейді, бірге жол жүрген кісіңнің өзімен жеме-жемге келгенде ойың бір жерден шыға бермейді,  ондай кісінің өзімен кей жағдайларда бірге қимылдай алмайсың.
Конфуций.
 
Оқуды сүйетін адам деп өзінің жетілмегендігін күніге ұғатын, үйренген нәрсесін айына бір рет есіне түсіріп тұратын кісіні айтады.
Конфуций.
 
Оқымыстылық, ұмтылыстың табандылығы, ізденгіштік, барлық жақындар үшін қамқорлық. Адамгершіліктің өзі осы.
Конфуций.
 
Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкендерге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, әрекеті батыл адамды айтамыз.
Конфуций.
 
Ілімді – күмәнсіз, ізгі – уайымсыз, қаһарман – қорқынышсыз болар.
Конфуций.
 
Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады.
Конфуций.
 
Білімі мол кісі емес, білімі пайдалы кісі ақылды.
Эсхил.
 
Бір ғана игілік бар, ол – білім, бір ғана жамандық бар, ол – надандық.
Сократ.
 
Кім білімділікте ілгері жылжып, адамгершілікте сол орынында қалып қойса, онда оның ілгері жылжымағаны.
Аристотель.
 
Білімді мен білімсіздің арасы тірі мен өлінің арасы секілді.
Аристотель.
 
Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде.
Аристотель.
 
Білімдінің тілі мүдірмейді.
Менандр.
 
Жетілу дегеніміз – алған біліміңді пайдалана білу.
Эпикур.
 
Білім – мәңгілік, ол – Құдайға да жақын.
Плутарх.
 
Кітап оқу – жасқа білім қосады, кәрілікті шаттандырады, бақытты әрлейді, бақытсыздықта басу айтады, үйде қуантады, түзде зиянсыз.
Цицерон.
 
Тамақты көп жеген кiсiнiң денсаулығы қажет мөлшерде ғана жейтiн кiсiмен салыстырғанда жақсырақ болып кетпейдi, көп оқу да сол секiлдi: көп оқыған емес, сол оқуын пайдаға асыра бiлетiн адам ғалым болады.
Аристипп.
 
Балалар берген тәрбиесі үшін қарыздар болатын ұстаздар, балалар өздерін дүниеге әкелгені үшін алдында қарыздар болатын ата-анадан құрметтірек: біреуі балаларға өмір сыйласа, екіншілері оларға мағыналы өмір сыйлайды.
Аристотель.
 
Ғылымның тамыры ащы, жемiсi тәттi.
Аристотель.
 
Бiлiм адамның iшiнде пайда болмайтынын ұмытпа, ол үшiн адам көрген-бiлгенiн ой елегiнен өткiзiп, оны қорғап қалуы керек.
Эпиктет.
 
Өзім үшін алған білімім, қанша ізгілікті болса да, мені ешқандай қанағаттандырмайды.
Сенека.
 
Ғылымға құмарлық – өзгенің есебінен ақыл алу. Оқысам, біріншіден – өзіме өзім риза бола түсуден арыламын, екіншіден, біреудің білгенін біліп болған соң, оны жетілдіруді ойлаймын. Оқу ақылға азық береді. Тек жазумен немесе тек оқумен ғана айналысуға болмайды, оларды кезектестіріп отыру керек. Сонда біз оқығанымызды елеулі бір нәрсеге айналдырамыз. Осылай біз гүлге қонып бал шырынын жинап, оны алып келіп бір қауызға құйып балға айналдыратын бал арасына ұқсаймыз.
Сенека.
 
Хадис:
Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеңдер.
 
Хадис:
Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу – үш ай ораза тұтқаннан жақсы.
 
Хадис:
Білім өмірде – таяныш, жолда – дос, жалғыздықта – жолдас, қуаныш­та – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла.
 
Кабуснамадан:
Бiлiмдi үйрену үшiн еңбекқұмар болып, бойыңды жалқаулыққа үйретпеуiң қажет. Жалқаулық, iс жақпастық, денеңнiң бұзылып, кеселденуiне себепкер болады. Өз билiгiңе көнбейтiн дерттi денеңмен жоғары мәртебелi бола алмайсың.
 
Кабуснамадан:
Барлық iлiмдi жiгiттiк шағыңда оқып бiлгiн. Өсиет, ақылды ойыңда сақта, ал қартайған соң ақыл, өсиет, үгiт-насихатты  тыңдаудың қажетi аз.
 
Білім – кілті күллі түрлі қақпаның,
Білім үйрен, білген құлды қақпағын.
Білім үйрен, керексізден жирен де,
Білгеніңді қорлама ұсақ күйбеңге!
Жүсіп Баласағұн.
 
Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
Жүсіп Баласағұн.
 
Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер,
Білім білсе, әзіз тірлік өткерер!
Жүсіп Баласағұн.
 
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Махмуд Қашғари.
 
Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам – ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам – бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын түсiнген адам – iзгi.
Лев Толстой.
 
Еске сақтаумен емес, өз ойыңның күшiмен қол жеткiзген бiлiм ғана нағыз бiлiм.
Лев Толстой.
 
ҮІІ ғасырда өмір сүрген Әзірет Әлінің (Әбу Әли ибн Әбу Талиб) ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұрақ: “Білім артық па, байлық артық па?",- деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі сұрақтарға былай деген екен:
 
Басқалардың білімінен көбірек пайдалана отырып, өз білімін арттыра түскен адамдар басқалардан білімді болады.
Лұқман хакім.
 
Егер адамның бiлiмi оның ақылынан артық болса, ол өз ақылынан қайғы шегуi мүмкiн.
Ибн Абдал-Барр.
 
Уайымсыз өтсем десеңiз,
Ғылым қамын жесеңiз.
Әлішер Науаи.
 
Түсінгендіктің шын белгісі – «ия» деген жауап емес, шәкірт жүзіндегі қуаныш табы болып табылады.
Абу-аль-Фарадж.
 
Білім алу жолында табандылықтан артық іс жоқ. Себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады.
Нури-аль-Малики.
 
Менiңше, дүниеде надандардың бiлiмді жек көруiнен өткен жек көру жоқ.
Галилей.
 
Бiлiм – екi жүздi семсер, ол өзiн ұстап тұрған қол әлсiз болса, қожайынын жаралауы мүмкiн. 
Мишель Монтень.
 
Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім – күш.
Френсис Бэкон.
 
Бiздiң бiлетiнiмiз бiлмейтiнiмiздiң ұшқыны ғана. 
Ральф Эмерсон.
 
Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлы білім туралы
 
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Абай.
 
Егер көңiлiң өзге нәрседе болса, бiлiм-ғылымды соған себеп қана қылмақ үшiн үйренсең, ондай бiлiмге көңiлiңнiң мейрiмi, асырап алған шешеңнiң мейрiмi секiлдi болады. Адам көңiлi шын мейiрленсе, бiлiм-ғылымның өзi де мейiрленедi, тезiрек қолға түседi. Шала мейiр  шала байқайды.
Абай.
 
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Абай.
 
Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың  халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы – қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз.
Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма?
Абай.
 
Қапы өткізбе өмірдің бір сағатын,
Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.
Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Шәкәрім.
 
Ғылым тап жас күніңде буын қатпай,
Басында байқамассың дәмін татпай.
Менің көрген жайымды сендер білсең,
Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай.
Шәкәрім.
 
Тірліктің түрін көрдім,
Көңілдің сүйгенін бердім.
Жеміс деп, білмей у тердім,
Бола алмай шын ғылымға бай.
Шәкәрім.
 
Бүтiн ұлт я дүниедегi бүтiн жұрт үшiн һәм көпке қаларлық iс үшiн, дүнияда күн көрiп, тiршiлiк етудiң ауырын жеңiлдету үшiн, жеңiлiн рахатқа айналдыру үшiн бiлiм жарысына түс.
Шәкәрім.
 
Қай білімді білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер.
Шәкәрім.
 
Ғылым бір кенің ғой,
Ауырсаң емің ғой.
Бәріңе жетеді,
Таусылмас көлің ғой.
Шәкәрім.
 
Бар ғылымның түп атасы –
Таза ақыл мен ойлану.
Шәкәрім.
 
Ғылым көзі – іздену, ағартушылық. Ғылым – бүкіл елді сусындата алар шалқар көл, халықты байлыққа, бақытқа бөлер таусылмас кен, рухани дерттің бәрін аластайтын, елге қуат, күш беретін дәру. Білім алуды ғылыммен ұштастыра игерсе, қазақ та тарих көшінде өзгелермен тең дәрежеде болашаққа бет алмақ, басқалармен басы теңеспек, бәсекелес бола алмақ.
Шәкәрім.
 
Шын залымға берме ғылым, ол алар да жоқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды айла етер.
Шәкәрім.
 
Алдыңғының соқпағын артқы түзер,
Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.
Мінін алып, мінсізге мінез қосып,
Бұрынғыны жаңартып жастар түзер.
Өңдіге тағы өң беріп қырған қандай,
Түзетілмей, шаң басып тұрған қандай.
Түзетем деп қиратып, күншілдікпен
Дұрыс істі теріске бұрған қандай.
Осыны ұқсаң, ұғарсың көп сөзімді,
Алдасам алмай-ақ қой еп сөзімді.
Әнге салып алаңдап, ұқпай жүрме,
Әншейін бір өлең ғой, деп сөзімді.
Шәкәрім.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер






astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png