Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

БАСТАУЫШ СЫНЫП ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нурхан Саветовна апталықтың жоспарымен таныстырды. Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту мақсатында өтетін апталық тақырыбы «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» деп аталады. Салтанатты жиын екі ауысымда да өтті. 1-ауысымның ашылу салтанатында директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары Ибраимова Қамажай Ибраймовна құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тілесе, 2-ауысымда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы құттықтау сөз сөйлеп, республикалық «Көркем сөз» сайысының жүлдегерлері Әшірбай Мирас, Серік Ақмырза, Большевик Айсана, Саяхат Алхар сынды оқушыларды құттықтады. Сондай-ақ жұлдызды оқушылардың сынып жетекшілері Ахметкалиева М.Ж. мен Сыдықова Ж.А.-на алғыс білдірді. Апталық жоспарында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жоспарланған. 1-ауысымда мектеп табалдырығын биыл ғана ашқан оқушылар салтанатты жиында жүрекжарды өлеңдерін оқыды. 1 «Е» сынып оқушысы Тургалиева Амина «Ана тілім» әнін орындаса, ал 2-ауысымда 2-сыныптар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздары мен мектеп әкімшілігін қуантты.

            Ұстаздардың шығармашылығы мен әдістемелігін көрсететін көрме де ұйымдастырылған. Игілікті істер өз жалғасын таба берері сөзсіз.







Бастауыш сынып әдістемелік апталығы өтті.

Бастауыш сынып әдістемелік апталығының жоспары

Тақырыбы: «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»

Мақсаты:оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту

Сабақтың тақырыбы

Пәні

Сыныбы

Мерзімі

Уақыты

Өтілу орны

Мұғалімнің аты жөні

1

Ардақты ана

Әдебиеттік оқу

4 «Б»

   

205

Акбаева М.А.

2

Ұлттық ойын туралы не білемін. Ээ дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

1 «Е»

   

103

Тулеубаева А.Г.

3

Теңдеу шешу

Математика

1 «Б»

   

201

Сапахова Д.А.

4

Теңдеу шешу. Есеп мазмұны бойынша теңдеу құру

Математика

3 «Б»

   

213

Шингисова А. И.

5

Сауысқан мен көкек

Әдебиеттік оқу

2 «А»

   

209

Әбіш Г.Т.

6

Көшер кезде

Әдебиеттік оқу

3 «Ж»

   

213

Әлиева А.Қ.

7

Есептер шығару

Математика

2 «В»

   

213

Шингина А.Н.

8

Дара және күрделі етістік

Қазақ тілі

2 «Е»

   

101

Амантаева Л.Р.

9

«Менің анам»

С. Жиенбаев

Әдебиеттік оқу

3 «Д»

   

102

Сарсембетова Қ.С.

10

Қазақстан рәміздері

Дүниетану

1 «Ж»

   

210

Дилдабаева М.Б.

11

Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдік

Дүниетану

3 «З»

   

101

Биходжаева А.С.

12

Өсімдіктердің көбеюі

Дүниетану

2 «Г»

   

206

Бижигитова А.Ж.

13

Өнімділікке берілген есептер

Математика

4 «Г»

   

213

Айтжанова С.О.

 Сыныптан тыс жұмыстар

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі

Уақыты

Өтілу орны

Мұғалімнің аты жөні

1

Алғырлар мен тапқырлар

1-сыныптар

 

11:40

213

Қабыкеева Ү.Т.

Кигай А.

2

Интеллектуалдық марафон

1-сыныптар

 

12:00

213

Омаршаева Н.Т.

Мамекова Г.С.

3

1001 мақал – 101 жұмбақ

3-сыныптар

 

12:00

101

Сыдықова Ж.А.

Мұсабаева С.Е.

4

«Поэзия» жәрмеңкесі

3-сыныптар

 

12:00

201

Ахметкалиева М.Ж.

Шаленова А.А.

5

Білгіштер бекеті

2-сыныптар

 

 

12:00

203

Молдағалиева Г.Б.

Алшер Б.С.

6

Жас математиктер

3-сыныптар

 

10:00

211

Егешова Р.Ү.

 

7

«Зерде» білгірлер сайысы

4-сыныптар

 

11:00

213

Мырышпаева А.А.

Темірбекова Ж.С.

********

«Баласы кітап оқыған ел»   бақытты деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағылымды сөзі бар. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, рухани байлыққа тәрбиелеу мақсатында Ахметкалиева Мара Жамбылқызы, Шаленова Алия Айткенқызы 3-сыныптар арасында «Поэзия» жәрмеңкесін өткізді. Поэзия – әдебиеттің өлең түріндегі үлгісі екенін оқушылар жақсы біледі. Әр сыныптың талапты, талантты балалар қатысқан жәрмеңкеде оқушылар өз шеберліктері мен ізденістерін көрсетті. 

 

«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ

Оқушыларды жан – жақтылыққа, ақыл–ой мен зияткерлікке тәрбиелеу мақсатында 4-сыныптар арасында Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы, Мырышпаева Асем Асенгазыевна ұйымдастырылуымен  «Білгірлер» сайысы өтті. Сайысқа «Тапқырлар» тобы, «Алғырлар» тобы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

*******

БАСТАУЫШ СЫНЫП АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбымен өткен апталықтың жабылу салтанаты болды. Апта бойы барлық сынып мұғалімдері белсенділік танытты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өтті. 1-сынып мұғалімдері «Менің сүйікті кейіпкерім», 2-сыныптар «Сиқырлы саусақ», 3-сыныптар «Ертегілер елінде», 4-сыныптар «EXPO-2017» бұрышы безендірді. Апта бойы әр сыныптың білімдері, жеткен жетістігі, мұғалімдердің сабақ барысында жаңаша оқытуы, жаңа технологияларды тиімді пайдалануы байқалды. Жабылу салтанатын ұйымдастырушы Аубакирова Маржан Қалтайқызы әр сыныптың жетекшілері мен оқушыларын марапаттаса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нұрхан Саветқызы апта бойы жасалған жұмыстарды қорытындылап, ұжым мүшелеріне өз алғысын білдірді.

            Жалпы әр істе жаңашылдық таныту, жауапкершілік иесі болу, оқушыларды оқыта отырып дамыту әр ұстаздың парызы екенін әр адам сезінді, түсінді, ой түйді. Осындай ауқымды, мазмұнды, мәнді, игілікті істер жалғаса береді. 



*******
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҒЫМНЫҢ АРМАНЫ!

Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсіндіру, Қазақстан Республикасының басты құндылықтарын таныстыру, отаншылдық сезімдерін ояту, жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 2 «А» сынып жетекшісі - Әбіш Гаухар «Тәуелсіздік-қазағымның арманы!»сағатын өткізді.  «Ел таныған Елбасы» тақырыбындағы слайдтар, бейнебаян «Қазақстан-ол біз» үнпарағы ерекше жасалған. Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысты. Тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екенін оқушылар өздері орындаған күй, жыр, ән арқылы жеткізді. Тәуелсіздіктің еңсесін тіктеп, тұғырын биіктететін ұрпақтарымызды көріп қуандық. Оқушылар музыка пәні мұғалімі Дәулеткерей Аблахатұлының авторлық шығармаларын орындады. Сынып жетекші Әбіш Гаухар өзі де осы Тәуелсіздікке арнап жыр шығарған екен, ол да қуантты. Тәрбие сағатына директордың оқу-тәрбие бойынша орынбасарлары Әбдікерімова Нұрхан Саветқызы, Кажуева Айсұлу қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Мара Жамбылқызы ата-аналар мен оқушыларға өз тілегін арнады. Бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақтап, қадір тұта берсе екен!





*********

ТІЛ - ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің  бірі, себебі тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл бейнесі,тыныс тіршілігінің көзі. Осындай мәртебелі мерекеге бастауыш  сынып  бірлестігі  өз  үлесін  қосты. 1-ші  сынып  жетекшілері  «Тілім-тірегім» атты үнпарақ шығарса, 2-4 сыныптарда   «Мәнерлеп  оқу» сайысы  болды.

 2-ші  сыныптар  бойынша 1-орын – Ошақбай Әмина сынып жетекшісі: Шингина Ажар.

3-ші сыныптар бойынша 1-орын–Асан Мейіржан сынып жетекшісі: Ахметкалиева Мара. 

4-ші сыныптар бойынша 1-орын –Барлықбаев Арыстай сынып жетекшісі: Кажуева Айсұлу Хайыргелдіқызы.

Оқушылар  көркем  шығармаларды  нақышына келтіріп  оқып, өз білім-біліктерін көрсетті. Осы игі іс-шараны  ұйымдастырған  бірлестік жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтайқызы.

Апталық соңында барлық  сынып  жетекшілері  тағылым-таным  сағаттарын өткізді. Әр оқушы  ана тіліміздің  ғажаптығын  түсінді. Тіл мәртебесі  мәңгілік биік болсын!





2 – сыныптар арасында «Тәуелсіздік тұғырым»  тақырыбында суреттер байқауы өтті. Оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.

Бас жүлде:  Сыпатай Нұрұлан 2 «Ә» сыныбы,

Сынып жетекшісі: Сыдыкова Жыға Ағыбайқызы

І орын

2 «А»сынып оқушысы  Ноғайбек Әсел, жетекшісі Мусабаева Салима Егізбайқызы

2 «Ж» сынып оқушысы  Жумашев Алихан, жетекшісі Рихакулова Багила Нисанбаевна

ІІ орын

2 «Б» сынып оқушысы  Серікбай Нұрхан,  жетекшісі  Жусупова Орынгуль Кабдуловна

2 «В» сынып оқушысы  Аман Айдан,  жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбылқызы

2 «Г» сынып оқушысы  Турсунгалиев Мидея, жетекшісі Шаленова Алия

ІІІ орын

   2 «Д» сынып оқушысы  Каримова Айым, жетекшісі Абденова Карлыгаш Казизовна

   2 «Е» сынып оқушысы  Акпарова Амина, жетекшісі Егешова Роза Усенқызы

   2 «З» сынып оқушысы  Амангельдинова Гульнар, жетекшісі Биходжаева Айгерім Сұлтанқызы





*****

Тәуелсіздік мерекесін атап өту аясында 4-сыныптар арасында «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» тақырыбында «Үнпарақ» байқауы болып өтті. Байқауда 4-сыныптар оқушылары сыныптарының атынан газеттер шығарды. Байқау қорытындысы бойынша 4 «Ә», «Г», «Е» сыныптары жүлделі І орын алып, марапатталды. 



*****

Тәуелсіздік күніне орай 3 сыныптар арасында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шығармалар сайысында  І орын  3 «Б» сынып оқушысы   Ақбердиева Айша

ІІ орын  3 «Е» Төкен Ақниет

                3 « Г» Шияп Сабина

               3 «В» Байшулакова Малика

 

ІІІ орын   3 «Д»  Мендыбай  Аянат

                  3 « Ж» Маратқызы Гүлбаршын

                  3 « Б» Айткүл  Мұхаммәди

*****

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Тұңғыш президент күніне орай"ЕЛБАСЫ - ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ" атты 4 - сыныптар арасында өткізілген қалалық  шығармалар сайысында І дәрежелі дипломмен марапатталуымен  4 "А" сыныпоқушысы  БАЗАРБАЙ СЫМБАТТЫ және жетекшісі Сапахова Динара Аманжоловнаны жеңісімен құттықтаймыз!



*****

«Өрлеу» Біліктілікті  Арттыру Ұлттық  Орталығының ұйымдастыруымен  «Біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасын енгізу жағдайында жоспарлау үдерісін зерттеу» тақырыбында қалалық тәжірбиелік – семинарда  бастауыш сынып мұғалімдері Омаршаева Нағима Таласбекова, Сапахова Динара Аманжоловна  «Тиімді жоспарлаудың маңызы» тақырыбында шебер-сынып өткізіп «Алғыс хатпен» марапатталды.




«Білім беру жүйесін жаңғырту- адами капиталдың сапалы  өсуінің басты бағыты», қалалық тамыз кеңесіне Абденова Қарлығаш, Кигай Армангүл қатысты

Оқу жылы

Қатысқан мұғалімдердің аты-жөні

 Баяндаманың тақырыбы

2015-2016

Абденова Қарлығаш

Әдебиеттік оқу сабағында жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту

Кигай Армангүл

Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

 

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png