Меню KDT

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

ӘР ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТІ ЖҮЗ САУАП

Адам өміріндегі игі істердің бірі-мұқтаж жандарға көмек беру. Осы мақсатта мектебімізде 2016 жылдың қаңтар айының 23-і күні  «Мейірім  шапағаты»атты жәрмеңке өтті. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол  ата-аналардың көп екеніне көзіміз жетті.

 Қамқорлық ізгі ниетпен,
Туады жылы жүректен.
Арайлы күннің риясыз,
Шапағы сынды нұр төккен! –

деп басталған  тебіреністі сөзден соң, оқушылар әзірлеген концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ерекше белсенділік танытқан  төмендегі сыныптар: 1 «В» сынып жетекшісі Шингина Ажар Нигметжановна,    3«А»сынып жетекшісі Темирбекова Жұмагүл, 1 «Б» Сағымбаева Дария Мұхтарқызы, 2 «Б» Жусупова Орынгүл Қабдолқызы.

Жәрмеңкеден түскен қаржыны  тәрбие бөлімі мүдделі,кіріптар,көмекке мұқтаж адамдарға таратуды  жоспарлап отыр. Іс-шараға жауапты болған     Мара Жамбылқызы  қайырымдылық  жасау  әрбір адамның адамгершілік борышы дей келе, жәрмеңкеге ерекше  белсенділікпен қатысқан  оқушыларға,сынып жетекшілеріне, ата-аналарға шексіз алғыс білдірді.

                Жүректен мейірім,көңілден адал  пейіл азаймасын!  Осындай игі істер өз жалғасын таба берері сөзсіз.




*******

«Әр жақсылыққа жеті жүз сауап» атты қайырымдылық 
акциясы өткізілді

Көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғау-әрбір адамның адамгершілік борышы. Мектебіміздегі оқушылар да, ата-аналар да бұл акцияға белсенділікпен қатысты. Әсіресе бастауыш сыныптар рақымды, мейірімді, жан жылуы мол ата-аналарының көмегімен үлкен қайырымды іс жасады.

Атап айтқанда, 1 «Ә» сыныбының ата-аналары мен оқушылары ерекше көзге түсті. Сынып жетекшісі: Жыға Ағыбайқызы,  1 «А» сыныбы үлкен қайырымдылық жасады, сынып жетекшісі: Мусабаева Салима. Сондай-ақ әкімшілік, тәрбие бөлімі бастауыш сыныптың барлық ұстаздарына іс-шараға белсене қатысып үлгі көрсеткендері үшін үлкен алғыс айтады.

Бұл іс-шараны ұйымдастырған 2 «А», 4 «Г» сынып жетекшісі: Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы. Оқушылары өз өнерімен танылды.

«Жүректен мейірім, көңілден адал пейіл азаймасын!» деген ұранмен ұйымдастырған жәрмеңке өте жақсы болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналар жәрмеңке өткізді. Қамқорлық жасау адам өміріндегі игі істердің бірі екенін жақсы түсініп, «Жас ұлан» жастар ұйымының мүшелері, өнерпаз оқушылар қарттар үйіне барып, тамаша концерт қойды, үлкен сыйлықтар жасады.

Жаныңның жабырқаған сәттерінде,

Жылуын жүрегіңнің сыйла бірге.

Шуағы қуаныштың баурап алар,

Жүзінде ризашылық көргеніңде,- деп ақын ағамыз жырлағандай әр қарт кісі оқушыларға алғыс айтып, өздерінің риясыз көңілдерін білдірді. Осындай игілікті, тағылымды іс-шара өз жалғасын таба берері сөзсіз.

Басты мәзір

Мемлекеттік рәміздер

Сілтемелер



astana

 






  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png