Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет) или по телефону 8 (7172) 575 797

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздері                       
                               толығырақ ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

№48 мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер / Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 4 шағын ауданы, Жирентаев көшесі 15/2, тел: 50-16-56 / факс: 50-16-56 / Электрондық почта: 48.astana-mektep@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 23, 26, 18, 3, 5, 40, 14, 4.      

Мектеп жаңалықтары

ҰОС ардагері Байекешов Ырзағұл атамызды 11 сынып оқушылары Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады

08.05.2021
Просмотров: 12
Бүгін ҰОС жеңісінің 76 жылдығы мерексімен ардагер Байекшов Ырзағұл атамызды А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп - лицейі ұжымының атыннан 11 сынып оқушылары құттықтап қайтты. Сыйлықтарын табыстап, қарияның батасын алды. Атамыз 98 жаста керемет қуанып қалды. Қартарымыз аман болып, болашақ ұрпақтарымыз үлкенге құрмет көрсетіп, қуаныш сыйлап Егеменді еліміздің патриоттары бола берсін!
Толығырақ >>

Құттықтаймыз!

07.05.2021
Просмотров: 17
Бүгін 9 мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдығына және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының ескерткішіне тағзым етіп гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, аталған мерекеге қарсы ұйымдастырылған Нұр - Сұлтан қаласы оқушылары арасында пневматикалық қарудан атыс жарысыннан жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Біздің мектептен 10 “а”сынып оқушысы Қанат Қамбар 3 орынға ие болды. Жеңісіміз көп болсын!
Толығырақ >>

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні

02.05.2021
Просмотров: 12
Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 1-11 сыныптарына мерекелік тәрбие сағаттары өтілді. Оқушылар « 1
Толығырақ >>

Сенбілік – тазалық кепілі

01.05.2021
Просмотров: 8
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей ұжымы 30 сәуір күні мектеп ауласын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік шарасына белсене араласты. Шара соңында мектеп ұжымы естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.
Толығырақ >>

«Таза ауа – жанға дауа»

24.04.2021
Просмотров: 34
«Таза ауа – жанға дауа» деген ұстаныммен  24.04.2021 күні елордалықтар кезекті жаппай сенбілікке шықты А.Байтұрсынұлы атындағы  №48 мектеп-лицейінің  мұалімдеріде бұл  шарадан қалыс қалған жоқ  таңғы 9:00-ден бастап 24 мұғалім, 15 техникалық қызметкерлер мектеп алаңын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке әрбір  белсене қатысушыларға алғыс білдіріеміз.
Толығырақ >>

Тәуелсіздікке - 30 жыл

23.04.2021
Просмотров: 26
23.04 күні  3-сынып оқушылары арасында өткен "Тәуелсіздікке - 30 жыл" атты  іс- шарасымен бастауыш әдістемелік бірлестік апталығы өз мәресіне жетті.
Толығырақ >>

"Ғажайып ғарыш әлемі " тақырыбында ғарыш денелерінің макетін жасау сайысы қашықтан өтті.

22.04.2021
Просмотров: 41
2 - сынып оқушылары арасында  "Ғажайып ғарыш әлемі " тақырыбында  оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында  ғарыш денелерінің макетін жасау сайысы қашықтан  өтті.
Толығырақ >>

" Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өтті.

22.04.2021
Просмотров: 29
Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында 4- сынып оқушылары арасында " Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өз деңгейінде өтті. Байқау жеңімпаздары 4 "Б"сынып оқушысы Мұратқызы Нұрай, 4 "Г" сынып оқушысы Рахимжан Ілияс сынып жетекшісі Оралды Алтынай және 4 "Ә"сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Нұрислам сынып жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтаевна жүлделі 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Толығырақ >>

"Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.

22.04.2021
Просмотров: 34
Жаратылыстану бірлестігі апталығы аясында ұйымдастырылған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің География пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Еуразия ұлттық университеті География кафедрасының профессоры, ғалым Сапаров Қуат Табылдыұлы "Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Мектеп оқушылары "Топономика зерттеу нысаны" туралы көп мәлімет алды, бұрыңғы көне атаулардың шығу тегі, атауын біліп, білімдерін жетілдірді. (Петропавл-Қызылжар, Павлодар-Кереку т.б.)<br
Толығырақ >>

Мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары және ЕҰУ-нің студенттері арасында "Химиялық элемент, ашылуы, тарихы" тақырыбында жарыс өтті.

21.04.2021
Просмотров: 27
21.04.2021 күні 7, 8, 9 сынып оқушыларымен химия пәнінен сыныптан тыс іс- шара, Евразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірлесіп өтті. Окушыларды 2 топқа бөліп, жарыс түрінде өтті.  1 топ басшысы 7А сынып оқушысы Амзеева Нұрсипат, 2 топ басшысы 8Г сынып оқушысы Амалбек Ақерке болды. Осы жарыста 1 топ жеңді 90 балл жинап, ал 2 топ 50 балл жинады. Жарыс онлайн болды. Барлығы 35 оқушы қатысты. Окушыларға қызықты болды. Осындай Евразия Ұлттық  университеті мен мектеп арасындығы бірлескен жұмыс жалғасуда.
Толығырақ >>

Басты мәзір

Сілтемелер













  •             
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет) или по телефону 8 (7172) 575 797